№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮКІМЕТ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

ҮКІМЕТ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

     Кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы Елбасының мәлімдемесі Ақорда сайтында жарияланған болатын, – деп жазды sputniknews.kz сайты.
   Мемлекет басшысы мәлімдемесінде үкіметтің отставкаға кетуі тиіс екенін айтты.
   "Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы жетілдіру, стратегиялық тапсырмаларды орындауда тиімді шешімдер қабылдауы қажет", - деді президент.
   Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы туралы да жоспарлы міндеттемені хабарлады.
   – «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады. Бұл қаражат мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
   1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту.
   2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру.
   3. Өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту.
   Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, – деді Елбасы.
22 ақпан 2019 ж. 1 158 0