№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫ»: Сәби қиялын дамытатын құрал

«ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫ»: Сәби қиялын дамытатын құрал

«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлану негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден басталады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей ілуге баулу керек». Бұл Елбасы Жолдауынан үзінді.

Жақында кенттегі «Тұмарым-Ай» бала­бақшасының ұйымдастыруымен ай­мақтық әдістемелік семинар өтті. «Ақпа­раттық технологияларды пайда­лана отырып, балалардың танымдық қабілетін арттыру» атты тақырыпты қамтыған кент орталығындағы бала­бақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Семенарды аудандық білім бөлі­мінің мектепке дейінгі оқыту мен тәр­бие жөніндегі әдіскері Фатима Тұртанова ашты.
– Өздеріңізге белгілі, бүгінгі заманда интеллектуалды және жеке даму мәселесі күн санап маңызды болуда. Себебі, біз сандық, жедел дәуірде өмір сүрудеміз. Әлем қарқынды түрде дамып жатыр. Бұл тұрғыда қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы бар адамдарға қажетілікті тудыруда. Өз кезегінде мұндай маңызды мәселенің орнын түрлі тақырыптық мазмұнды қамтитын семинардың берері мол, – деді Фатима Тұртанова.
Мұнан кейін көп алдына шыққан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал кеңесшісі Мақпал Ермаханқызы бала болашағы үшін жаңа технологиялық ақпараттық қолдана білу – заман талабы екенін тілге тиек етті.
Одан әрі тәрбиеші Э.Сейсенова «Балауса» кіші тобымен білім берудегі қарапайым математика ұғым­дарды қалыптастыру, электронды тақ­тамен жұмыс істеу тәсілін көрсете оты­рып, балаларға не қауіпті не қауіпсіз екені тақырыбында жұмыс жүргізді. Бала бойындағы зейінді тұрақты түрде дамытуда мұндай логикалық жұмыстардың тиімді тұсын атады. Ал, тәрбиеші А.Алиева мен әдіскер Г.Досмағанбетова дарынды балалармен робототехника құрастыру жұмыстарын жүргізді.
– Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Әрине, техника құрастыру оңай дүние емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет, – дейді А.Алиева.
Тәрбиешінің сөзінше, бұл сабақ алдымен балалардың ойлау қабылетін арттырады, екіншіден, ғылымға бет бұруға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан озық елдерде технологиялық үрдіске оқушылардың назарын ерте жастан аударады екен.
Ал, Ж.Абылайханқызы ағылшын тілін жетік меңгеруге бағытталған тәжірбиесімен бөлісе келе: «Адам өмі­рінің әртүрлі кезеңінде тіл үйре­нуде түрлі артықшылығы болады. Кішкентай балақайлар дыбысты жақсы қабылдайды. Бұл кезеңде тіл үйренген балаларда шет тілін меңгергенде акцент сирек болады. Сондықтанда осы мүмкіндікті пайдаланып, сөздік қорын молайтқан абзал» деді.
Аймақтық семинар барысындағы қатысушылардың көпшілігі қыззыққаны «Құм терапиясы». Бұл дәрісті тәрбиеші А.Тастанбек жүргізді.
– «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау – ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек, бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті. Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы тартымды және тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі», – деген А.Тастанбек «құм терапиясының көпшілік біле бермейтін құпиясымен бөлісті.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің жетекші маманы Н.Базарбаева, және сала әдіскері Ф.Тұртанова балабақша ұжымы ұйытқы болған аймақтық басқосуға жоғары бағасын берді. Әрі балабақша құрылтайшысы Айсара Нәлібаеваға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мұндай танымдық шаралардың жалғасын табуына тілектестігін жеткізді.

Қайбулла РУСТЕМОВ.


26 ақпан 2019 ж. 2 323 0