№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЖЕСІНІҢ БАЛАСЫ» МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

ӘЖЕСІНІҢ БАЛАСЫ» МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

«Болар бала бесігінде бұлқынар». «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу». «Болар ұлдың арқа-басы кең келер». Дана қазақтың осындай даналық ойларынан дарынды балалардың тұлғалық болмысы мен ерекше қабілеттерін аңғару қиын емес. Өйткені қазіргі заманда интеллектуалды және жеке даму мәселесі күн санап маңызды болуда. Себебі, біз сандық, жедел дәуірде өмір сүрудеміз. Әлем қарқынды түрде дамып жатыр. Бұл тұрғыда қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы бар адамдарға қажетілікті тудыруда. Бұл бағытта қатарласынан оқ бойы озық көрініп, тума талантымен елді тәнті еткен  бүлдіршіндер көп  назарын өзіне қаратып жүр. Міне, сондай ерекше дарын иесі Арнұр Алдахай. Кент орталығындағы «Нұрай-Қыдыр» балабақшасының тәрбиеленушісі балабақшамен қоштасуға дайындалып жүр. Ол балабақшаға келгенде енді ғана былдырлап тілі шыққан бөбек еді. Ортасына тез сіңісіп, топтың белсендісіне айналған. Тәрбиеші, мекеме әдіскері Нұргүл Багирова:
– Арнұр сабаққа өте белсенді. Үш тілдің әліппесін үйреніп, зейінділігін байқатуда. Ән салғанды жаны қалайды. Өнер сайысына қатысып, талантты ұл екенін көрсетуде. Аудандық отбасылық сайыс «Толағай» және «Балбөбек –2018» байқауының жеңімпазы. Балабақшадағы «Жігіт сұлтаны» сайысының бас жүлдегері. Қандай тапсырма берсеңіз де тиянақты орындайды. Оған қоса, логикалық ойындарға жүйрік, – деді.
Иә, әжесі Рыскүл өз бауырына басып, тәрбиелеуде. Сондықтан ол үнемі «мен әжемнің баласымын» деп марқаяды. Анасы Жаннұр ұлының ерекше қасиеттерін дамытуға күш салуда. Ұлының сахналық киімдерін, құрал жабдықтарын және балаға қажетті құралдармен қолынан келгенінше қамтамасыз етеді. Мұнысын балабақша ұжымы мақтанышпен айтты. Жан-жақты қамқорлыққа бөленген Арнұр Алдахай үш тілде ән айтып, көпшіліктің ризашылығын алып жүр. Ол «Мен қазақпын», «Осень», «Детский сад – одна семья», «Хаппи бейби» әнімен сахнаға шығып, көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүр. Болашақта өзін үлкен сахнада көргісі келетін бүлдіршін балалық армандарын жасырмады.
– Әншілік менің хоббиім. Негізінен, өскенде мықты дәрігер болғым келеді. Әжем мен анамның сырқатын емдеп, дертіне шипа тапқым келеді, – деді 6 жасар Арнұр.
Перзент пейілінен біз Арнұрды өмір өзені ерте есейтіп жібергендей көрінді. Өйткені, сөзі салмақты. Ойы тиянақты. Кез келген сұраққа тосылмай, жан-жақты жауап берді. Келешекте білім нәрімен сусындап, биік белестерді бағындырады деген сенім мол.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
14 шілде 2018 ж. 1 108 0