№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мұраты биік Бейбарыс

Мұраты биік Бейбарыс

Ұлт потенциалын – адам капиталынан көруге болады. Яғни білікті , білімді азаматтар елдің дамуының негізгі көрсеткіші. Дамыған елдердің тәжірибесінен осыны көруге болады. Ендеше, дарындыларды тауып, оларды насихаттау да маңызды. Біз Қыркеңседегі «Іңкәр-ай» балабақшасынан сондай баланы көрдік.
Өнерімен, зеректігімен, алғырлығымен ерекше көзге түскен Бейбарысты әңгімеге тартып, мақсат-мұратын білдік. Ол ағылшын және орыс тілін меңгере бастапты. Онымен қатар ізденімпаздылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленетінін тәрбиешілері растады.
– Мен өскенде полицей болғым келеді. Бірақ, ән айтқан да ұнайды. Әсіресе, Қайрат Нұртас пен Ернар Айдардың әндерін сүйіп тыңдаймын, айтамын. Дема- лыс күндері футбол ойнап, анашыма көмектесемін. Гүлназ апайдың ағылшын сабағын ұнатамын деді кейіпкеріміз.
Бейбарыстың жасы небәрі 5-те болса да ағылшын тіліне деген қызығушылығымен қатар әліпбиді жатқа айтып, әріптердің басын қосып оқығаны таңқалдырды. Интерактивті тақтамен де жұмыс жасап, компьютердің тілін меңгере бастапты. Таң қалуымыз мұнымен шектелген жоқ. Дарынды бала қиялын құммен сурет салып жеткізе алады екен. Бейбарыстың бойындағы қасиеттерінің сыртқа шығуына үлесін қосқан тәрбиешісі Дана Пазылованың еңбегін айтпай кетпеске болмас. Бөбекжайда үш жылдан астам жұмыс істеген Данадан Бейбарыс жайында сұрағанымда: «Ол алғыр. Әрі зерек. Сабақ барысында бірінші болып жауап бергісі келеді. Есеп шығарудан да жүйріктігін байқаттып келеді, – деді.
Бүгінгі күрделі процестің бірі – кадр, яғни маман. Өйткені кез келген өзгеріс білікті мамансыз заман талабына жете алмайды. Осындай заман талабынан шыққан тәрбиешілерді басқарып отырған Қиясова Айгүл үнемі ізденіс үстінде.
– Біздер тәрбиешілер балалардан жылы сөзімізді еш аямаймыз. Міндетіміз – баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу. Балабақша ұжымы келешек ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Балалар – біздің болашағымыз. Балақайлардың осында өткен әр күндері біз үшін бақыт, – деді балабақша меңгерушісі Айгүл Рахымқызы.
«Іңкәр-ай» бала-бақшасында бүгінде 75 бала тәрбиеленуде. Бой көтергеніне 5 жыл болған балабақшада «Балапан», «Балдырған», «Балдаурен» деп аталатын үш топпен 13 педагог жұмыс жасайды.
Айта кететіні, балабақша ішінде балалардың интеллектуалды дамуына арналған оқу бөлмелері және ертеңгіліктер өткізетін залдары бар. Әсіресе интерактивтік технологиялар бөлмесі балалар үшін ерекше қызық әрі маңызды болмақ. Басты мақсат балаларға жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Түйіндей айтқанда. Бес жыл ішінде бірнеше буынға тәрбие берген балалар мекені ертеңгілікті, тәрбие сағаттарын, мерекелік шараларды өткізуді үрдіске айналдырған. Осы жылдар ішінде бөбекжайдың жақсы жетістіктерге жетуіне тәрбиешілер мен Бейбарыстай дарынды балалардың септігі бар.

Лаура БИБАСАРОВА.
26 ақпан 2019 ж. 760 0