Соңғы жаңалықтар

«АБАЙ ӘЛЕМІ»

08 тамыз 2025 ж. 563

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Білім министрлігі баланың қандай жағдайда 0-сыныпқа бара алмайтынын түсіндірді

Білім министрлігі баланың қандай жағдайда 0-сыныпқа бара алмайтынын түсіндірді

2020 жылы елдегі барлық мектеп мен балабақшада 0-сыныптар ашылады
Білім және ғылым министрлігі 0-сыныпқа балаларды қабылдау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.


Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні барынша қарапайым. Мақсат - балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігі (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысатын болады. Сондай-ақ, тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу көзделген.
"0-сыныптың мәні - балабақшалардағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу. Бүгінде 0-сынып дегеніміз- балабақшадағы даярлық тобы. Егер мектептің өз ғимаратында 0-сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. Балабақшаларды да мұндай құқықтан ешкім айырған жоқ", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектеп мен балабақшада 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Бұл нормаға өзгеріс енгізіледі.

"2019 жылы, былтырғы жылғыдай, 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ егер бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы тиіс екендігін ескеруіміз қажет", - дейді министрліктегілер.

19 ақпан 2019 ж. 4 218 0