Қазақстандық мектептерді латын әліпбиіне көшірудің кестесі жарияланды
Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кестені бекіту жөніндегі бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жобаны көпшілік алдында талқылау 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Кестеге сәйкес, 2019 жылдан 2025 жылға дейін жалпы орта білім беретін ұйымдардағы ұстаздарды латын графикасына өтуді есепке ала отырып, біліктілікті арттыру бойынша курстардан өткізу жоспарланған. Ведомстводағылардың есептеуінше, 192 мыңнан аса мұғалім курстардан өтеді. Латын графикасына өтудің жоспарлы кестесі:
0, 1 сыныптар - 2020 жыл 0, 1 плюс
2 сынып - 2021 жыл 0, 1, 2 плюс 3 сынып - 2022 жыл 0, 1, 2, 3 плюс
4 сынып - 2023 жыл 0, 1, 2, 3, 4 плюс
5-9 сыныптар - 2024 жыл 0, 1, 2, 3, 4, 5-9 плюс
10, 11 сыныптар - 2025 жыл
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтардың латын графикасына өтуінің жоспарлы кестесі: 0 сынып (мектепалды) - 2018 жыл 1 сынып - 2019 жыл 2 сынып - 2020 жыл 3 сынып - 2021 жыл 4 сынып - 2022 жыл 5-9 сыныптар - 2023 жыл Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептердегі оқулықтардың барлығын және қазақ тілінде білім бермейтін мектептерде "Қазақ тілі және әдебиеті" пәні бойынша оқулықтарды латын графикасымен қайта басып шығару, жергілікті атқарушы органдардың оқулықтарды сатып алуын ұйымдастыру мына кесте бойынша жоспарланған: 0 сынып (мектепалды) - 2019 жыл 1 сынып - 2020 жыл 2 сынып - 2021 жыл 3 сынып - 2022 жыл 4 сынып - 2023 жыл 5-9 сыныптар - 2024 жыл 10-11 сыныптар - 2025 жыл Еске сала кетсек, 2018 жылдың ақпанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиінің жаңа редакциясы туралы жарлыққа қол қойған еді.
Пікір 2