№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?


Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық ата-аналар тұрғылықты мекенжайына қарамастан, балалары оқитын мектепті өздері таңдай алады.

Стартегия, цифрлық технологиялар сараптамасы бөлімінің басшысы Жазира Асанованың сөзіне сенсек, бұдан былай ата-ана немесе баланың заңды өкілі өздері таңдаған мектепке e.astana.kz сайты арқылы өтініш бере алады. 

"Егер ата-ана нақты бір мектепті таңдағысы келсе, оған 30 тамызға дейін қол жеткізе алады", — деді әкімдік қызметкері. 

Еastanakz сайтына электронды өтініш берген кезде, "Бірінші сыныпқа тіркелуге құжаттарды қабылдау" бөлімінде болашақ бірінші сынып оқушысының туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.

Электронды өтініш беруге мүмкіндік болмаса, ата-ана жақын маңдағы мектепке барса болады. Сол жерде баланы бірінші сыныпқа беруге көмек көрсетіледі.
05 тамыз 2018 ж. 1 322 0