№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ИНТЕРНЕТТЕ ЖҮР, ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ...

ИНТЕРНЕТТЕ ЖҮР, ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ...


Бүгінгі тақырып арқауы-ғаламтор.Интернетті ең белсенді қолданушылар жастар мен жасөспірімдер екендігі белгілі. Әрине интернетті игілігіне пайлаланса қуанамыз. Дейтұрғанмен бос уақыттың қадірін де білмей жүргендеріде аз емес. Әлемде ақпарат үстемдік құрып тұрған қазіргі уақытта ғаламтордың адамға пайдасынан зияны басым екені жиі айтылуда. Рас, дамып кеткен ақпараттық технология кейбір жағдайларда алысымызды жақындатады, ауырымызды жеңілдетеді.  Еркін ақпараттық кеңістікке еніп, елдің жүйкесіне кері әсер ету, арандату, қоғамды бұзу сынды мақсаттарға қол жеткізетіндер тым көбейіп кеткен. Қайбір жылы облыс әкімі Қ.Көшербаев жергілікті жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастарға «Жастар және ғаламтор» тақырыбында дәріс оқыды. Онда:«Жүздеген миллион адам минут сайын мыңдаған терабайт көлемдегі ақапаратты өз қолдарымен жасап, ортаға салады, оны еркін пайдаланды. Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың интернетпен толықтай қамтылатыны анық.Дәстүрлі мәдениет пен салт жұтылып барады. Ертеңін болжау қиын, анық кескіні мен сұлбасы жоқ жаңа қоғам қалыптасып келеді»-деп, облыс әкімі өз баяндамасында алаңдаушылық білдірген еді. Себеп? Өйткені жастардың көпшілігі интернеттен онлайн ойын ойнау, ю-тубтан фильм көру һәм агенттің әлегі деген секілді пайдасыз бағыттарға бос уақыттарын жоғалтуда. Кең жолақты және қолжетімді ғаламторды сауатты пайдалану заман талабы. Қолжетімді дейтініміз. Ұялы телефон арқылы да қалаған ақпаратын тауып алуға мүмкіндігі бар. Бірер зарарына тоқталсақ. Жастар арасындағы кең таралған компьютерлік ойындарының серкесі «Counter Strіke». Ойын ережесі: атыс-шабыс, адам өлтіру, пышақтау, тағысын тағы...«Counter Strіke» сияқты адамды «қылмысқа итермелейтін», атыс-шабысқа толы, қан-жоса қылудан басқаны білмейтін басқа да компьютерлік ойындар толып жатыр. Талай бала сол үшін түнде ұйқы көрмей,күндіз сабақта қалғып-мүлгіп отырады. Нақты зияны жайлы бір-екі ақпар. Әлгі «Counter Strіke» және «Dіablo ІІ» ойынын ойнаған екі тайлық азамат интернет-кафеде көз жұмған. Қалай дейсіз бе? Ертелі-кеш қимылдамай ойынның құмарына кіріп, миға салмақ түсіп қаны ұйып қаза болған. Сонымен қатар оқушылардың көбі  «агентпен» ауырады. Ол да – тәуелділік. Олар түнде ұйықтамайды, виртуалдық таныстарымен сөйлеседі, теріс әсер ететін ақпараттарға қанығады,  ниеті бұзық сайттарға кіріп, соған елітеді. Сондықтан ғаламторды дұрыс мақсаттарға ғана ұтымды пайдаланып отырмаса, оның төңірегіндегі теріс жолды ұстанған  қауымдастықтар сізді өздеріне қарай магнитше тартып алуы мүмкін. Компьютер жұмысымызға пайдалы болғанымен, жастардың досы дей алмаймыз. Себебі, оның денсаулықа және психикаға зияны екендігі дәлелденуде. Дәрігерлердің пайымдауынша, бүгінгі жастар ұмытшақ келеді. Олардың есте сақтау қабілеттерінің жоғалуына компьютер тікелей кінәлі көрінеді. Компьютер көз, жұлын мен мойынға ғана емес, жүрек-қан тамырларына да кері әсер етеді екен. Хош. Жастардың виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке деген қызығушылығының төмендейтіні белгілі.«Жастықта үйренеді, есейгенде түсінеді» деген тәмсіл бар. Дей тұрғанмен бүгінгі біздің жастарымыздың үйренетіні компьютер және оның ішіндегі ойындармен шектелетінін ескерсек, ұлғайғанда қандай боларын елестету қиын.Сондықтанда әрбір ата-ана баласын білім-ғылымға, жаңа инновациялық технологияларға бағыттап отырса, болашақта еліміздің дамып Елбасы межелеген отыздыққа енуіне өз үлестерін қосқан болар еді.              

                                               Әбдісамат ӘБДІШ
12 ақпан 2019 ж. 1 009 0