Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғашқы метро қайда пайда болды?

Алғашқы метро қайда пайда болды?

        
Қарқынды дамып жатқан әлемде жаһандануға ұмтылған қалаларды метросыз елестету мүмкін емес. Аталған көлік түрімен күніне қанша адам жұмысына барып, үйіне қайтады. Ал алғашқы метрополитеннің қайда пайда болғанын білесіз бе?  Алғаш метро Лондон қаласында пайда болды. ХІХ ғасырдың ортасында Лондон қаласының жергілікті халық саны екі миллионға жетіп, бір жерден екінші жерге жету мұң болды. 1855 жылы қаланың билік өкілдері жер асты арқылы пойыз жол салуды көздеді. Осы бағытта MetropolitanRailwaj компаниясы жұмыс істеді.

Айта кету керек, метроның салынуы ағылшындардың астанасына үлкен өзгеріс алып келді.  Алғаш салынған метроның ұзындығы 3600 метр болған. Ол сонымен қатар жеті бекіттен тұрған. Алғашқы метроның ашылу салтанаты 1863 жылы 10 қаңтарда жүзеге асты. Сол кездегі көзге ерекше көрінетін көлік түрін Уэльс ханзадасы, болашақ Ұлыбританияның патшасы Эдуард VІІ ашты. Тек ашып қана қойған жоқ, ол жаңа ғана ашылған метроның ең бірінші жолаушысы болды. Сол кездегі жер асты жолының ерекшелігі неде болды?  Аса бір үлкен ерекшелікке ие бола алды дей алмаймыз. Өйткені технология қазіргідей дамымағандықтан жердің астында тыныс алу қиынға соққан. Кей адамдар демікпе ауруына да шалдыққан. Тіпті жұмысқа барушы адамдардың ақ киімдері қап-қара болып кеткен. Алғаш ашылған күні метроға отыз мыңға жуық жолаушы отырған. Ал бір жыл ішінде тоғыз миллион адам пайдаланса, бұл көрсеткіш келесі жылы тағы үш миллионға өскен. Уақыт өте келе метроның локомотивтері электр түріне ауыса бастады. Бірақ бұған өте ұзақ уақыт кетті. Лондондағы метро толыққанды электр жүйесіне 1905 жылы ғана ауысты.  Естеріңізде болса, 1988 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстанның метрополитен құрылысы өз жұмысын бастап, арада 23 жыл өткеннен кейін ашылған болатын. Еліміздегі метроның салынуына кеткен шығын – 166 миллиард теңге. Бүгінде қазақ метросы 7 бекетпен бекітіліп, халыққа пайдаланылуға берілді. 2017 жылы тағы да бес бекеттің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. 

Massaget.kz
29 маусым 2018 ж. 2 676 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 19:09
Clomid Et Pas De Regles Where To Buy Amoxicilina Cod Accepted Milan cialis generic Levitra 40 Mg Sale Levitra Online Drugstore

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 20:36
Cymbalta From India Acheter Du Viagra Comprar Viagra Cialis Espana viagra online pharmacy Cooper Viagra Levitra Generique Pas Cher