Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мемлекеттік конкурс қатаң бақылауда

Мемлекеттік конкурс қатаң бақылауда


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық орган болып табылады.

Ағымдағы жылғы 3 тоқсанда Департаментке Қызылорда қаласының тұрғыны Б.Досжанова мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурсының дұрыс өткізілмей, құқықтарының бұзылғандығы туралы арызын білдірген.
Түскен арызға сәйкес Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында, Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының нормалары сақталмағандығы анықталды.
Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментімен конкурстық рәсімді дұрыс өткізбеу салдарынан мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген ішкі конкурсқа құжат тапсырған үміткердің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысымен Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасарына, 2 бас маманына және Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқарманың басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ресімделіп, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылды және 101 мыңнан астам теңге әкімшілік айыппұл бюджетке төленді.
Алдағы уақытта да азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауы Департаменттің қатаң бақылауында болады.
Н. Алиев.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменінің бас маманы.
19 қазан 2018 ж. 1 218 0