№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде көлік алу үшін несие беретін «7-20-25» тәрізді бағдарлама дайындалады

Елімізде көлік алу үшін несие беретін «7-20-25» тәрізді бағдарлама дайындалады

Қазақстанда көлік алғысы келетіндерге арналған «7-20-25» тәрізді бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өз сөзінде Ақышев несие беру ауқымын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты.
«Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан едік. Ендігі кезекте, несие беру ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын отыр. Бағдарлама нарықтың қағидаттарына сай түзіледі. Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда», – дейді ол.
Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы бұл бастаманың импортты алмастыруға серпін беріп, импорттық тауарлардың жағымсыз сипатта өсуін тоқтататынын атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған бастамаға қолдау білдіретінін және бұл жұмыс жайында Үкіметпен егжей-тегжейлі талдауға дайын екенін жеткізді. Бұл жұмыс автомобиль өнеркәсібіне оң әсер етеді, дейді Елбасы.

30 қаңтар 2019 ж. 1 029 1

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 14:33
Cialis 2 Mesi fincar finasteride online canada Viagra Acidez Estomacal Sinus Infection And Amoxicillin Zithromax For Sale Uk