№74 (8785) 17

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖАСТАР ЖЫЛЫ: ЖАҢАҚОРҒАНДА «ЖАСТАР ҮЙІ» АШЫЛАДЫ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: ЖАҢАҚОРҒАНДА «ЖАСТАР ҮЙІ» АШЫЛАДЫ


2019 жыл Елбасы Жарлығымен «Жастар жылы» деп қабылданды. Бұл біздер үшін үлкен қолдау.
Әрине, бұған дейінмемлекет тарапынан жастар қауымын жұмыспен және тұрғын үймен қамту мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Оның ішінде; «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» тағысын тағы.  Сәтін салса, «Жастар жылы» аясында жастардың кәсіпкерлік бағыттағы жұмысын жандандыру үшін біздің орталық бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ ниетте. Мәселен, аудан көлемінде жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында гранттық жоба әзірлеу, аудандық бизнес-жобалар байқауы өткізу,  NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу және өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында «Үйрен» жобасын ұйымдастыру. Оған қоса, «Сиқырлы SMM» ауыл жастарына интернет бизнесті, әлеуметтік желідегі дұрыс жарнаманы жүргізуді үйрету «Жаңа толқын100+» стартап жобалар байқауы сынды жас буынға мотивация беретін маңызды шараларға басымдық беруді жоспарлап отырмыз. Оған қоса, аудан орталығынан «Жастар үйін» ашу жоспарда бар. Бұдан бөлек, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар легі жетерлік.
Әкімбек ӘЛІБЕК, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры
        
23 қаңтар 2019 ж. 1 296 0