АМЕРИКАДАҒЫ КҮЙЕУ БАЛАНЫҢ БІЛМЕЙТІНІ ЖОҚ
Нью-Йорк тұрғыны Стив Росси Абылай хан туралы оқиды және қазақ жүздерінің ерекшеліктері жайлы біледі. Ол өзін қазақтың күйеубаласымын дейді.
Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Росси өзінің жұбайы қазақстандық Дианамен танысқаннан кейін, Қазақстанға деген қызығушылығы артқан.
«Менің жұбайым Орта жүзден шыққан. Мен бұл жүз туралы кітапты, әсіресе Абылай хан туралы оқыдым. Ол – нағыз қазақ, тарихи тұлға. Сондай-ақ, президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы оқып, ол туралы фильмді көрдім. Бір күні ол кісімен кездесуді армандаймын», – дейді Росси.
Америкалық азамат Қазақстанға келгенде кітап дүкендеріне барып, міндетті түрде қазақ тіліндегі кітаптар сатып алады екен. Ол Нью-Йоркке оралғаннан кейін бос уақытында сол кітаптарды оқитынын айтады.
Россидің айтуынша, АҚШ-та қазақша сөйлесетін орта жоқ. Сондықтан тіл үйренуге кедергі келтіреді екен.
«Мен – қазақтың күйеубаласымын. 10 жастағы ұлым бар. Есімі – Тимур. Мен Нью-Йоркте дүниеге келдім. Алайда Қазақстаннның мәдениеті жүрегімде. Қазақтар – өте жақсы халық. Қазақстанда екі рет болдым. Сіздердің ет, палау, қуырдақ, қымыз, шұбат сияқты ұлттық тағамдарыңыз өте дәмді. Қазақстандағы туыстарымызға сәлем жолдаймын», – дейді ол.