№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Назарбаев қазақстандықтарды ата-анасын қарттар үйіне тапсырмауға шақырды

Назарбаев қазақстандықтарды ата-анасын қарттар үйіне тапсырмауға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды салт-дәстүрді ұмытпауға және ата-анасын тастамауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.



  «Қарттарды күту… Біз қартаятынымыз туралы ешқашан ойламаймыз. Алайда бәрің қартаясыңдар. Бүгін жассың, және алда мыңдаған жыл бар сияқты көрінеді. Алайда өмір тез өте шығады», – дейді елбасы.
Өз сөзінде президент қазақстандықтарды ата-анасына қамқор болуға шақырды.
  «Қазақтардың бабадан қалған дәстүрі – ата-анаға қамқор болу. Мен Қарттар үйіне барғанда, біздің әжелер мен ақсақалдарды көріп, жүрегім ауырады. Олардан балалары бар-жоғы туралы сұрағанда, теріс бұрылып, көзіне жас алады. Біз өз дәстүрлерімізді ұмытқанымыз ба? Өз ата-анамызды қарттар үйіне өткізіп, қалайша үйде отыра аламыз?» – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар елбасы кәсіпкерлерді аталған мәселеге көңіл аударуға шақырды.
  «Батыста қарттар араласатын ешкімі болмағандықтан, өздері қабылдауды сұрайтын үйлер бар», – дейді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, бүгінде қарттар үйі мен балалар үйін бір жерден ашу туралы ұсыныстар түсіп жатқаны атап өтілді.
28 қараша 2018 ж. 947 0