№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚАНДӨЗДЕ ҚАРҚЫН БАР МА?

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚАНДӨЗДЕ ҚАРҚЫН БАР МА?

ХХІ ғасыр білім саласының алтын дәуірі. Сондықтан, Қандөздегі Қалғансыр деген аядай ғана ауылдағы ағайынды мектеп мәселесі қатты алаңдатады. Округ әкімі Роза Исаеваның баяндамасынан кейін сұрақтың басым бөлігі осы мәселеге қатысты қойылды...

Жалпы, 2018 жыл ауылдық округ үшін табысты жыл болды. Оны агро-аймақтағы жүйелі жұмыстан аңғаруға болады. Сондай-ақ, халық саны 2 мыңға жетпейтін Қандөз салық түсімінен өзге ауылдарға үлгі. Мәселен, мүлік салығы – 119,9 пайыз, жер салығы – 102,3 пайыз және көлік салығы – 105 пайызға орындалған. Елді мекенде 34 кәсіпкер болса, соның 17-і былтыр тіркелген. Ал, тауар айналымы 2 миллионнан асатын кәсіпкер саны әзірге ауылда екеу ғана. Құрамында Қалғансыр мен Қандыарал кіретін округті абаттандыруға 500 мыңнан аса қаржы бөлініп, игерілген. «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы ЖШС арқылы 4 миллионнан аса қаржы ауыл кәсібіне құйылыпты.
Қандөз бен Көктөбе жұртын алаң­датқан басты мәселе аудан орталығына қатынайтын жол мәселесі болатын. Тұрғындар қуанышына орай былтыр 17 шақырым жолды жөндеу жұмысы басталды. Биыл ол толық пайдалануға беріледі. Бұл бір.
Сондай-ақ, былтыр көптің көкейіндегі негізгі сауал жарық мәселесі де оң шешімін тауыпты. Яғни, ауылдағы негіз­гі көшеге бір трансформатор орнатылған. Үшінші, егіннен нәпақа тауып жүрген қандөздіктертің өтінішімен былтыр 60 гектар жер агро-аймақ есебінде қоршаланып, тұрмысы төмен отбасыларына берілді.
Енді есеп берудегі сауалдарға қайта оралсақ. Жоғарыда айтқан қалғансырлық тұрғындар атынан Ұлданай Алимбекова аудан басшысынан елді мекеннен Қандөзге дейінгі жолға тас төсеп беруге немесе оқушылар таситын көлік беруді сұрады. Не болмаса тұрғылықты жердегі төрт сыныпты білім ошағын жөндеуден өткізіп, мұғалім мәселесін шешіп беруді өтінді. Жалпы, ауылдағы ағайын әкім жұмысына көңілі толатынын сөз етті.

19 қаңтар 2019 ж. 820 0