№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «УӘДЕ БЕРУ – БІР АБЫРОЙ, ОНЫ ОРЫНДАУ МЫҢ АБЫРОЙ»

«УӘДЕ БЕРУ – БІР АБЫРОЙ, ОНЫ ОРЫНДАУ МЫҢ АБЫРОЙ»

Бұл тәмсілдің мән-мағынасына терең түсінген кісі жауапкершілік жүгін мойымай көтере алатыны ақиқат. Расында, жауапкершілік таныта білген жерде сенім болады, сенім болған жерде өнімді тірлік те, тіршілікте жанданады. Осы ретте, әкім-қаралар жыл басында халыққа есеп беріп, жыл бойы атқаратын жұмыстарын жоспарлаған-ды. Аудан әкімі Ғалым Әміреев әр ауылда мәселенің толық шешілуіне жұмыс жасау қажеттігін айтып, халықтың үмітін еселеген еді. «Балапанды күзде санайды» демекші, қандай жұмыстар атқарылды?Шешімін тапқан мәселелер бар ма? Мүлдем жауапсыз қалған сұрақтарға кім жауапты? Біз осы мәселеге жауаптылармен сөйлескен едік.
ЖАРЫҒЫ ЖИІ СӨНЕТІН АУЫЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ
Электр жарығынсыз бір күніңізді елестетіп көріңізші. Тіпті, бір сағат жарық өшіп қалған жағдайда жұмысыңыз жүрмей, үй шаруасына да қолыңыз бармай қалатыны рас. Технологиясы дамыған отыз ел қатарына енеміз деп тұрған тұста, біздің ауылдарымыз интернеттің игілігіне ғана емес, қарапайым электр жарығына зәру. Осындай мәселе көтерген Көктөбе, Қандөз, Ақүйік, Қыркеңсе, Бесарық, Аққорған ауылдық округінің  тұрғындары шағымдарын айтып, жаңа трансформаторлар мен электр бағаналарын орнату қажеттігін жеткізген еді. Осы сауал аясында бүгінге дейін қандай жұмыстар атқарылды? Толық шешімін тапты ма? Осы сұрақтарға аудандық электр желілерін тарату жүйесі мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шалқар Рақышов жауап берді.
Сонымен, жарығы жиі сөнетін Көктөбенің электр бағаналарын ауыстыру бағытында 2018 жылдың өндірістік жоспары бойынша сәуір айында электр желілерінежәне қосалқы стансаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауылдағы 7 ескі бағана ауыстырылып, электр сымы тартылған. Халық санына байланысты электромонтер маманы Қандөз ауылымен бірге қарастырылған. Қандөз ауылының электр энергиясын орнату жұмыстарына 9501,3 мың теңге қаржы бөлініп, трансформатор алуға сұраныс берілген. Қыркеңседегі 7 ескі бағана ауыстырылып, электр сымы тартылған. Бесарықтағы 2 трансформаторға күрделі жөндеу жүргізілген. Ал, Ақүйіктік Ш.Уалиханов пен М.Әуезов көшесінің тұрғындары электр мәселесінің шешілуін күте тұруына тура келеді. Себебі, 2018-2019 жылдары жоспарға 10 кв әуе желілерін тарту енгізіледі. Содан соң ғана жеке ажыратқышқа қосылатын болады. Аққорғандағы С. Қожанов пен Ы. Алтынсарин көшесіндегі трансформаторды ауыстыру және Келінтөбедегі электр бағаналарын ауыстыру үшін ауыл әкімі бюджеттік өтінім беруде. Осылай деген Шалқар Рақышов ауыл тұрғындарының электр жарығының сөнбеуі үшін қарқынды жұмыстар жасалып жатқанын айтты.
 
АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ КӨПІР ҚАЛЫПҚА КЕЛЕ МЕ?
Есеп беру жиынында ең көп айтылған мәселе – көпірдің апаттық жағдайы. Тозығы жеткен көпір ауыл мен аудан орталығын жалғауды, ауылішілік қатынасты қиындатқандықтан Өзгент, М.Нәлібаев, Екпінді, Қаратөбе және Байкенже ауылының тұрғындары шағымын жеткізген еді. Көпірлер қашан жөнделеді? Мұны аудандық  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Нұржан Сүлейменовтен білдік. Әзірге Қосүйеңкі мен Екпінді ауылындағы көпірдің қайта жаңартылуы үшін жоба сметалық құжаты жасалуда. Сондай-ақ, М. Нәлібаевтағы көпірдің жоба сметалық құжатын әзірлеу үшін бюджеттен қаржысы бөлінуіне сұраныс жасалған. Яғни, сәл де болса жұмыс жүруге қадам жасалған. Ең күрделі мәселе болып тұрған Байкенжедегі 3 көпірдің иесінің кім екені анықталмай жатқаны. Мұны журналистік зерттеу барысында аңғардық. Алдымен ауыл әкімі аппаратына хабарласып, мән жайды білдік. Бас маман Нұрғиса Бектібаев:
– Ауылдағы үш көпірдің жайымен ең бірінші аудандық  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хат жолдадық.
Көпірлер аудандық жол қатынасына маңызды саналмағандықтан теңгерімдеріне кірмейтінін түсіндірді. Одан соң, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау бөліміне хат жолдап, көпірдің жөнделуін сұрадық. Алайда кері жауап ала алмадық, – дейді.
Бас маманның жауап ала алмай отырған сауалының ізіне түсіп, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау бөліміне хабарластық. Бөлім басшының орынбасары Бақытжан Әбдусаметов Байкенже ауылынан осы мәселеге байланысты ешқандай хат тіркелмегенін, сол ауыл төңірегінде ешқандай бөлімнің теңгеріміне кірмейтінін жеткізді. Мәселе аяқсыз қалмау үшін одан әрі зерттей түсуді жөн көрдік. Осы мәселеге Жаңақорғансулар мекемесі басшысының орынбасары Баянбек Қалжанов:
– Байкенжедегі көпірлердің қай мекемеге тиесілі екенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, анықтау қажет. Егер бізге қатынас хат жазса, біз ол аймаққа арнайы барып, зерделеуге дайынбыз, – деді.
Демек, ауыл әкіміне 3 көпірдің мәселесін шешу үшін ең алдымен көпір иесін анықтап алған жөн секілді.
АУЫЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ
Батпаққа белшеден батқан ағайындар жоқ. Десе де, көпшілік ауылдарда ауыл ішілік жолдарды асфальт­тау, жарықтандыру мен тратуар салу мәселесі бар. Есеп беру жиынында Келінтөбе, Қаратөбе, Аққорған, Өзгент, М.Нәлібаев, Байкенже, Кейден, Қожамберді, Сүттіқұдық, Бесарық және Жаңақорған кентінің бірнеше тұрғындары көшенің асфальттануы мен жарықтануын сұраса, Қожакент пен Жаңарық елді мекенінің тұрғындары жол бойынан жаяу жүргіншілерге арналған жол салып беруін өтінген еді. Ал, аққорғандықтар орталық көшеде көліктер қозғалысын реттейтін жол белгілерінің болмауы түрлі апаттық жағдайларға әкеліп жатқанын айтқан-ды. Міне, осы секілді жол және жол қозғалысы төңірегінде бүгінге дейін қандай жұмыстар атқарылды? Қандай жолдар жөндеу көрді? Алдағы уақытта қай ауылдың жолы түзелмек? Осыны жауапты мамандармен бірге жауабын іздестіріп көрдік.
«Біткен істе қайыр бар» демекші, биыл жыл басынан бері ауданаралық жол қатынасындағы бірнеше көше асфальттанды. Соның бірі «Жаңақорған-Шалқия» жолының 10 шақырымы, «Кейден-Жаңауыл» жолының 7 шақырымы, Келінтөбенің айналма жолының 3,5 шақырымдық жолы толық асфальттанды. Бірлік ауылына кіре берісіндегі 3 шақырымдық жол да асфальттанған. Кенттегі М.Көкенов пен Амангелді көшесіне дейінгі жолға асфальт жайылды. Алдағы уақытта Байдүйсен мен Аралбаев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ал, ауыл жолдарына биыл жыл аяғына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін емес. Себебі, әкімдер жоба сметалық құжаттарын өткізіп, бюджеттік өтінім берілмеген екен. Сондай-ақ, Жаңарық және Қожакенттегі тратуар мәселесі де таяу арада шешілмейтін түрі бар. Мұны әкімдердің өзі айтты.
– Орталық көшенің өте тар болуына байланысты тротуар салу мүмкін емес. Оған қоса, биыл ауыз су құбыры жүргізілгендіктен бұл мәселені шешуге мұрша кермеді, – деді Жаңарық ауылының әкімі Сұлтан Ибрагимов. Ал, Қожакент ауылы әкімі Асылбек Айтжанов орталық көшедегі тротуар 2019 жылға жоспарланып жатқанын айтты. Әзірге жаяу жүргіншілер жолына жоба сметалық құжаты жасалыпты.
Түйін.  Біздің мақсат әкімдердің ізіне түсіп, жұмысын жоққа шығару емес. Елене бермейтін еңбек пен көзге іліне бермейтін жұмыстардың қаншалықты қиындықпен шешілетінін түсіндіру. Көбі бітіп, азы қалған жұмыстың жай-жапсарын елге насихаттау. Дегенмен, жылдың жарымынан ауған шақта әкімдер іскерлігіне қамшы басса дейміз.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
25 тамыз 2018 ж. 1 728 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 11:31
Cialis Plux Dapoxetine Commande En Ligne cialis cheapest online prices Cheap Viagra Online Ozz Pills Buy Amoxicillin Antibiotics Online Canada Purchase Plavix Online

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 22:57
Kamagra Estados Unidos Cephalexin Dosage Canine Pounds cialis 20mg for sale Organic Alternative To Propecia Levitra Zonder Recept Viagra Fettes Essen