№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Телефонды 1 қаңтарға дейін тіркемесе не болады?

Телефонды 1 қаңтарға дейін тіркемесе не болады?


Тіркеуден өтпеген мобильді құрылғылар өзіндегі SIM-карталарға автоматты түрде тіркелмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне  сілтеме жасай отырып,
zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті хабарлайды. Тіркелмеген абоненттер 1 қаңтардан бастап өшірілмейді. "Егер абонент тіркеліп үлгермесе, телефондағы нөмір сол телефонға автоматты түрде тіркеледі. Демек, смартфондағы нөмірдің иесі, сол смартфонның да иесі болады", - деп мәлімдеді телекоммуникация Комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко. Комитет дерегі бойынша, елімізде 1998 жылдан бері SIM-картасын өз атына тіркемей жүрген абоненттер де бар екен, себебі ол уақытта SIM-картаға қатысты ешқандай рәсім болған жоқ. Телефон автоматты түрде өзге қолданушыға тіркеліп кетсе, қолданушылар үшін қолайсыз жағдай тууы мүмкін – мысалы, SIM-карта істен шыққанда. "Абонент кеңсеге келіп,  операторға SIM-картаның істемей тұрғанын айтып шағымданады. Оператор сіздің жеке куәлігіңізді базадан тексеріп, нөмір де, смартфон да сізге (ред. ЖСН-ге) тіркелмегенін анықтайды. Мұндай келеңсіз жағдайлар болмау үшін, 1 қаңтарға дейін уақыт беріліп отыр", - дейді Ярошенко. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап телефондарынан айырылып қалуы мүмкін екенін ескертеді . "Егер SIM-картаны өз атыңызға тіркеп үлгермесеңіз, онда телефоныңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін, өйткені 1 қаңтардан бастап SIM-картаның иесі телефонның да ресми иесіне айналып шыға келеді. Мысалы абонент өзіне сыйға берілген SIM-картаны қолданып жүріп, оның кімге тіркелгенін де білмеуі мүмкін", - деп түсіндірді министрлік. Еске салайық, 22 қазан күні ҚР Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды IMEI-код+SIM-карта+ЖСН схемасы бойынша міндетті тіркеу ережесі күшіне енетінін мәлімдеген еді.
30 желтоқсан 2018 ж. 848 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 20:56
Generic Form Of Levitra Effetti Collaterali Di Propecia tadalafil cialis from india Cialis Como Tomar Prescription Free 2 5 Next Day Viagra Kamagra 100mg Montpellier

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 14:03
Viagra Cialis Levitra Prezzi viagra Cialis Kreuzschmerzen