Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 70 мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады

70 мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады

   Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 70 мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Назгүл Бажаева айтты, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
  

   ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның цифрлық трансформациясы: Бастапқы қадам» атты дөңгелек үстел барысында ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелерін таныстырды.

  «2019 жылы біз мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын автоматтандыруымыз қажет. Ағымдағы жылдың өзінде 454 қызмет автоматтандырылды. Жылдың соңында дейін 70 қызмет автоматтандырылатын болады. 9 млн адам өз беттерінде электронды  қызметтерді алды. Бізде проактивті жне композитивті қызметтер енгізілген», - деді департамент басшысы.

  Назгүл Бажаева әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесіне тоқталып, enbek.kz  еңбек биржасының құрылғандығын, аталған сайтқа тіркеліп жұмыс табуға мүмкіншілік жасалғанын айтты.  Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын цифрландыруға тоқталды.

  «Қазіргі уақытта емханаларды цифрландыру  жүргізіліп жатыр. Көрсеткіштерге көз салар болсақ, 13 млн азаматтың бүгінде электронды паспорты бар», деді ол.

  Дөңгелек үстел барысында сарапшылар бизнестің, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқының цифрлық технологияларға өту дайындығын, цифрлық технологиялардың қазақстандық ІТ-индустриясы дамуына әсерін, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ағымдағы нәтижелерін, оны іске асыру барысында анықталған қиындықтарды талқылауда.

06 желтоқсан 2018 ж. 1 186 2

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 15:25
Cialis Brasile Viagra Costo A Confezione viagra Comprar De La Propecia Buy Suhagra 100

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 16:36
Discount Cephalexin viagra Real Propecia From Canadian Pharmacy Levitra Efectos Secundarios Grapefruit And Amoxicillin