№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

   Жаңа жыл мерекесі қарсаңында білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов балаларды қабылдап, сый-сыяпат жасады. Әр мектептен келген 24 бала бас ұстаздан сыйлық алып, қуанышқа кенелді.

   – Қадірлі ұстаздар, құрметті оқушылар, тарих қойнауына енетін ит жылы берекелі де мерекелі жыл болды. Ескі жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп. Сондықтан жаңа оқу жылы үлкен табыс пен толағай жетістік ала келсін. Елдің келешегі бүгінгі жастардың, мына сендердің қолдарыңда, сондықтан, әрқашан білімді, оқуда әрқашан ізденімпаз, жан-жақты, озат болуларыңызды тілеймін, – деп жеткіншектерге ақжарма лебізін жеткізді.
 
  Құттықтау сөзден кейін оқушылар қыстық киім мен түрлі сыйлықтарды бас ұстаздың қолынан алып жатты. Балалардың бал-бұл жайнаған жүздеріне қарап, бүгінгі жасалып жатқан қамқорлық олардың жан дүниесіне жылулық сыйлап, оқуға деген ынтасын оятатынын аңғардық.
Оқушылар алғыс айтып, қуанышын жасырмады. Ата-аналар атынан сөз алған Бейсенкүл апа: «Мұны тек қамқорлық деп қана қарамау керек, бұл оқушылардың санасына серпін беріп, мақтаныш сезімін оятып, сабақ үлгерімін жақсартуға үлкен күш береді. Сондықтан, оқушыларға осындай сый тарту етіп, оқуға деген ынтасын оятып жатқан білім бөліміне, барша ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз. Жаңа жыл жаңа табыстар әкеліп, игі істер жалғасын таба берсін, – деп рахметін жеткізді.
Өздеріне тиесілі сыйлықтарын құшақтаған оқушылар аудан әкімінің шыршасы өтетін «Аяна» мейрамханасына бет алды.

                                                                                                                                                 Ерлан РАЙЫМБЕК.

29 желтоқсан 2018 ж. 946 0