№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІГІН ТІГІП, КӘСІП ҮЙРЕНУДЕ

ТІГІН ТІГІП, КӘСІП ҮЙРЕНУДЕ


 Ел ертеңіне көз салсақ, бүгінгі аға буынның келесі ізбасары – жастар. Сайып келгенде, жас буынның бойындағы белсенділік, жаңа бастамашылдық – өсудің, өркендеудің нақты көрінісі. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан жастар қауымын жұмыспен қамту мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданды. Соның бірі
«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы нәтижелі жұмыс өрнегін көрсетуде. Міне, осы жаңашыл жоба Ақүйік  ауылы жастарының жаңадан кәсіп ашып, еңбек етуіне даңғыл жол ашты.
Ауыл орталығынан ашылған «Ademi_R» тігін шеберханасы ауылдың жұмыссыз және декреттік демалыста отырған аналарды тігіп, пішуге үйретуде. Сондай-ақ қайырымдылық мақсатта тұрмысы тұралаған тоғыз ата-әженің төсек жабдықтарын жаңартуға бел буып отыр. Топ көшбасшысы Ордабек Самал ілкімді істі ұйымдастырса, топ мүшелері Ысмайл Аида мен  Әбілппата Айнұр тігін машинасының қыр-сырын кәдік меңгерген.
      Қазіргі таңда елдімекендегі 30 жас ана уақытылы келіп, тігін тігудің түр-түрін үйреніп, машықтануда. Бұлда болса, «Жас прожект» жобасының жарқын жемісінің бірі деп білеміз.
Самат ӘБДІШ
05 қараша 2018 ж. 1 637 0