Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТРЕНИНГ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫҢ ТӘСІЛІ

ТРЕНИНГ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫҢ ТӘСІЛІ


Бүгін 
«Жаңақорған тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде «Тәжірибе алмасу: шеберлікті шыңдайды» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.                         
Алдымен газеттің тілшісі Айсұлу Алданазар баспасөз тәжірибесінде кең тараған жанрдың бірі – сұхбат жайлы тоқталды. Сұхбаттың басты ерекшеліктерін талдап, сұхбат алу барысындағы ең негізгі ұстанымдар жайлы жан-жақты айтты. Сұхбаттың сәтті шығуы үшін қандай дайындық керектігін таразылады.
Шығармашылық ұжым өкілдері сұхбат жанры жайлы ойларымен бөлісіп, тренингтің мазмұнын тереңдетіп, сұрақ-жауапқа ұластырды.
Одан кейін сайт жұмысын жаңғырту және жетілдіруге байланысты басылымның дизайнері Ерлан Әбдірасилов сөз алды.                                              
Ол аудандық газеттің интернет ресурстағы сайтың бәсекеге қабылетті ету жолдары мен танымалдылығын арттыру бағытындағы тың ойларын ортаға салды.  
Сапалы контент қалыптастыру үшін мақалаларды көшіріп басуды азайту, сілтеме, гиперсілтеме берудің артықшылықтары мен тақырып қоюдағы ұтымды әдістерді сөз етті. Яғни, сайттағы мақалалардың оқылымдылығын арттырудың жолдары жан-жақты баяндалды.                   
Семинарды қорытындылаған бас редактор Нұрлат Байгенже алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп, журналистерге жұмысты жетілдіруде шығармалышық ізденісті арттырып, жауапкершілік танытуға шағырды. 
P.S.: "Жаңақорған тынысы" газеті журналистердің шығармашылық әлеуетін арттыруда тренингтерді өткізуді жолға қойды. Әрине, мұндай бастамалар кәсіби кадрлар қалыптастырып, сапалы контент жасауда ұтымды тәсіл болмақ...
 
 Әли ТЕМІРБЕК.


20 желтоқсан 2018 ж. 1 219 0