№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 93 пайызға жетті

Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 93 пайызға жетті

   Еліміздің бірқатар өңірінде тілдерді оқыту мемлекеттік орталықтары жоқ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

   Оның атап өтуінше, еліміздің тіл саясаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарлама Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді түсіндіру  жұмыстарын жүргізу, орфографияны жетілдіру, оның көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеттерімен толықтырылды және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерге сәйкес Үкімет қаулысымен бекітілді.

  «Елімізде 88 аймақтық және 1 республикалық тілдерді оқытудың мемлекеттік орталықтары жұмыс істейді. Оқыту орталықтары «ҚР-дағы Тіл туралы» Заңына сәйкес тiлдi оқыту курстарын ұйымдастырады. Осы мақсатта 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 42 мыңнан астам адам курстардан өтті. Алайда, Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тілдерді оқыту мемлекеттік орталықтары жоқ болса, кейбір облыстарда бір ғана орталық бар», - деді ол.

  Осы ретте вице-министр мемлекеттік бағдарламада көзделген индикаторларға қол жеткізу, сондай-ақ оқытудың үштілді моделін дамыту және латын графикасына көшу барысында оқытушылар мен тұрғындарды оқыту үшін Тілдерді оқыту орталықтарының әлеуетін арттыру қажеттігіне назар аударды.

  «Қазтест» жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2018 жылдың жеті айында тестілеуден өткендердің жалпы саны - 52 мың 245 адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 20 057 адам.  Ағымдағы жылы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі жалпы құжатайналымның үлесі 93 пайызды құрап отыр. Оның ішінде орталық атқарушы органдарда-  91, жергілікті атқарушы органдарда - 95, ал ұлттық компанияларда 46 пайызды құрады. Осы ретте, мемлекеттік органдар негізінен «Қазтест» жүйесі бойынша сынақ тапсыру, оқыту курстарына қатысу, құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу және уәкілетті орган тарапынан ұйымдастырылатын шараларға қатысумен шектелетінін атап өткен жөн»,-  деді Ақтоты Райымқұлова.  

05 желтоқсан 2018 ж. 811 0