№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ МӘҢГІЛІК

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ МӘҢГІЛІК


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындар үлесін ұлғайту нысаналы индикаторларында көрсетілген көрсеткіштерді орындау мақсатында мамандар ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап аудан орталығында мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындар, ұйым қызметкерлері мен жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінен ақысыз негізде оқыту курстары жүргізілуде. 

Мемлекеттік тілді тереңдете оқытуға "Қыркеңсе ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметкерлері де тыңғылықты түрде қатысып, білімдерін шыңдауда. Мемлекеттік тілді оқыту барысында мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілдің дұрыс жазылу және оқылу ережесімен қатар, түрлі қазақтың салт-дәстүрлері үйретіліп, қазақи ойындары ойнатылуда. Бұл оқытулар мемлекеттік қызметкерлердің білімін одан әрі шыңдаудағы тағы бір керемет мүмкіндігі деп білеміз.
28 маусым 2018 ж. 958 0