№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Дәурен Абаев: "Ақпарат тарату толықтай цифрлық жүйеге көшеді"

Дәурен Абаев: "Ақпарат тарату толықтай цифрлық жүйеге көшеді"


Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өңірлер қашан цифрлық хабар таратуға көшетінін жария етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді», - деген сөз бар. Сондықтан цифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігі үшін жасалады. Тағы бір артықшылық - цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды. Осылайша босаған жиіліктерді біз байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдалану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Ол үшін байланыс операторларымен жан-жақты жұмыс жүргіземіз», - деді министр. Оның айтуынша, өткен жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Телерадио хабарларын тарату» Заңына өзгерістер енгізді. Осылайша олардың инфрақұрылымдарының дайындығына сай аймақтарды кезең-кезеңімен көшіруге жол ашты.  «Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы - 2018 жылдың аяғына дейін, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары - 2019 жылы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары - 2020 жылға дейін, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары - 2021 жылы кезең-кезеңімен жаңа форматқа ауысады», - деді Дәурен Абаев.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 080 0