№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ОТА ЖАСАЙТЫН ПРИНТЕР

ОТА ЖАСАЙТЫН ПРИНТЕР


Қытайда 17 шілдеде кішкентай қызды құтқару бойынша ерекше ота жасалды. Дәрігерлер 3D-принтерде баланың бас сүйегін жасап шығарып, оны науқасқа салды.

Хань-Хань туғанынан гидроцефалиядан зардап шеккен. Бұл жағдайда оның миында сұйықтың қайту үрдісі бұзылған. Бас сүйекте сұйықтықтың жиналуынан баланың миы қалыпты жағдайдан төрт есеге ұлғайды. Бас салмағы дене салмағының жартысынан көп болған.
Әкесі қызына қажетті ем үшін ақша жиды.  Дәрігерлер 3D-сканерлеу мен 3D-басып шығаруды пайдаланып, титан торынан үш  имплант дайындаған. Дәрігерлердің айтуынша, уақыт өте титан импланттары сүйек пластиналарымен жабылады.
Хань-Ханьға жасалған ота 17 сағатқа созылды.  Дәрігерлер сұйықтықты шығарып, бас сүйегінен алынған сүйектердің орнына титан пластиналарын орнатты.  Олардың пайымынша, уақыт өткеннен кейін қыз толық сауығып кете алады.
Қазір қыз өздігінен дем алатын болды.
22 қаңтар 2018 ж. 1 653 0