№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жаңа дәуір мектебі»

«Жаңа дәуір мектебі»

   ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Қазақстан Республикасының білім жүйесі дүниежүзілік білім жүйесіне сәйкес болуы тиіс. Осы орайда, үстіміздегі жылдың қазан айында Астана қаласында «Жаңа дәуірдің мектебі» атты Х халықаралық конференеция болып өткен болатын.  Конференцияға әр облыстан 90нан астам әріптестеріміз қатысса,  Жаңақорған ауданы бойынша көшбасшы болып аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Бижикеев, №195 мектеп гимназиясының директоры Ж.Жусипова, ауданымыздағы мектептеріміздің  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Боранбаева, А.Күнхожаева,  ағылшын тілі пәнінің білікті ұстаздары К.тасманова мен Б.Абжаппарова қатасып қайтқан болатынбыз.




   Конференцияның ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Назарбаев Университетінің президенті Шигер Катсу, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы К.Шамшидинова қатысты.
   Конференцияға дәстүрге сай, әлемге танымал сарапшылар мен ғалымдар баяндама жасады. Басты баяндамашылардың қатарында Кембридж университетініңм деканы Сьюзан Робертсон, Лондон университетінің білім беру колледжінің құрметті профессоры Янг, Гонконг университетінің білім беру саясаты департаментінің директоры Кай-Минг Ченг және т.б ғалымдар болды. Сондықтан, конференция 12 бағыт бойынша 50-ден астам іс шаралардыф қамтыды. Екі күнге созылған жиынның алғашқы күнінде К.Шамшидинова «Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас, нақты қадамдар», Кембридж университетінің деканы  «21 ғасырда жаһандық білікті оқушыға айналу. Қиындықтар мен фактілер», Қызылорда облысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, Гонконг университетінің профессоры Кай Минг Ченг «Білім беру білім мен дағдылардан ғана тұрмайды» баяндамалары тыңдалып, панельдік талқыланды.
   Мен болған 8 аудиторияда Білім беру бағдарламалары орталығының модераторы Г.Сәлменованың шеберлік сағаты, Кембридж университетінің баспа мүшесі Крис Макнаб «Цифрлық тәуелділік: назарымыз үшін күрес пен білім беру болашағы», тараз қаласының физика- математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі А.Иманбекованың «Тарих мәтін арқылы оқушылардың пайымдау дағдысын дамыту» және т.б зерттеу материалдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың екінші күні Кембридж университетінің Білім беру инновацияларының директоры Коллин Маклафиннің баяндамасынан басталып, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдерінің шеберлдік сағаты мен дөңгелек үстелі өтті.
«Жаңа дәуір мектебі» атты конференция дүниежүзілік және отандық білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған ғылым әлеміндегі беделді жиындардың біріне айналды.
   Жиыннан алған әсерімді, тәжирибемді мектеп ұстаздарымен  әдістемелік көмек ретінде бөлісе отырып, әлемдегі өркениетке сай сапалы білім бере отырып, ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыра алатын болуымыз керек. ХХІ ғасыр мұғалімі қазіргі заман талабына сай пәк мұғалімі ғана болуы аз, мұғалім-ұстаз, инноватор, иннотехник, көшбасшы, зерттеуші, жаңалыққа жаны құмар болуы керек.

М.Камалова
№213 жалпы орта мектебі.
12 қараша 2018 ж. 1 921 0