Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда бір сағатта 20 емделушінің анализдік қорытындысын талдайды

Жаңақорғанда бір сағатта 20 емделушінің анализдік қорытындысын талдайды

  Елбасы дәстүрлі Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтті. Ең алдымен жаңа технологияларды өндіріске енгізіп, ілгерілетуді тапсырды.



   Осы тұста, ғасырлық тарихы бар «Жаңақорған» шипажайы АҚ-ның жұмысы жылдан жылға жоғары деңгейде өсуде. Бұған емдеу мекемесіндегі білікті мамандар мен мекеменің заманауи медициналық қондырғылармен толығуы бірден-бір себеп. Соның айқын бір дәлелі – жақында ғана шипажай зертханасына құны 6,5 млн. теңге тұратын автоматтандырылған құрылғы сатып алыныпты. «Жақсыны көрмекке» деп, бізде бардық. Бас дәрігер Ғабит Үйсінбаев заманауи аппарат жұмысты жеделдетіп қана қоймай, көптеген функцияны қатар атқаратынын тілге тиек етті.
  – Бүгінде медицина саласы күн өткен сайын даму үстінде. Осыған орай, емдеу мекемелеріндегі заманауи құрал-жабдықтар мен қызмет көрсету сапасы да уақыт талабына сай болуы қажет. Бұл бағытта «Жаңақорған» шипажайы АҚ-да ілкімді іс бар. Жақында Чехия мемлекетінде жасалған «ERBA XL-100» маркалы биохимиялық анализатор алынды. Автоматтандырылған құрылғының мүмкіндігі мол. Аппарат 12 түрлі аурудың түріне зертханалық талдау жасайды. Оның ішінде, бүйрек, бауыр, буын аурулары, қанның майлылығын, қант мөлшерін холестеринді анықтайды. Бір сағатта 20 емделушінің анализдік қорытындысын талдап, қағазға шығарып береді. Оған қоса, несеп пен ұрықты талдайтын микроскоп, «Мутик-18» клиникалық аппараты да кешенді тек­серілудің озық үлгісі, – деді Ғабит Үйсінбаев.
Сондай-ақ бас дәрігер заманауи аппараттың игілігін тек ем қабылдаушылар ғана емес, жергілікті тұрғындар да тексерілуіне болатынын жеткізді. Бұрындары бұл зертханада 3 маман жұмыс істесе, бүгінде Тәжіхан Байсенова есімді лаборант жауапты. Яғни, жеделдетілген технология жұмысшы көзін алмастырды.


– Бұл – бүйрек, несеп шығару жүйесі ауруларын диаг­ностикалау мен анализдік талдау жұмысын анықтайды. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта бүйрек аурулары жасарып бара жатыр. Жастар арасында да кездеседі. Негізінен нефрологиялық аурулар ашық көрінген белгілерсіз ақырын дамиды. Біздің зертханадағы заманауи аппараттың мүмкіндігі арқылы ауруды бастапқы кезеңінде анықтауға болады. Сондықтанда денсаулыққа салғырттық танытуға болмайды. Қазір мемлекетіміз профилактикалық шараға баса маңыз беру арқылы халық саулығын жақсартудың жолын жетілдіруде. Яғни, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу арқылы халық саулығын нығайтуды басты назарға алды, – дейді зертхана лаборанты Тәжіхан Байсенова.
Иә, жылына 14 мыңға жуық пациентті қабыл­дайтын шипажай ұжымында 235 адам жұмыс жасайды. Алыс-жақын шетелдерден Ресей, Санкт-Петербург, Қытай, Өзбекстан елінен келіп ем қабылдаушылар қатары да жыл санап артып келеді. Бұлда болса, 100 жылдық тарихы бар «Жаңақорған» шипажайының танымалдығының артқанының белгісі. Бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарына қадам басқан сайын емдеу-сауықтыру орталықтары да заман талабына сай бейімделуі бізді қуантады.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
13 қараша 2018 ж. 1 086 0