№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАР КЕЙДЕНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАР КЕЙДЕНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жаңақорған ауданы мен Манап Көкеновтың 90 жылдығы аясындағы шараларға Кейден ауылдық округінде нүкте қойылды. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, кейдендіктер мерейтойлық шараға жоғары деңгейде дайындалыпты.

  Алдымен аудан әкімі Ғалым Әміреев бастаған делегация «Kaysar» жүгері өңдеу және сусын өндіру кәсіпорыны жұмысымен танысты.
Одан кейін клуб үйінің алдында салтанаты жарасқан саябақта Ұлы Отан соғысының ар­дагері Рахман Жайылбекұлын еске алумен ұласты.
Шарада алғы сөз сөйлеген аудан әкімі Ғалым Әміреев: «Ұлағатты ұстаздың перзенттері Бектемір, Шынтемір ағаға және Дүйсенкүл апай­ға игілікті іске ұйытқы болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздер жастарға үлгі-өнеге болатын бастама жасадыңыздар. Осы ретте, дана халқымыздың «Туған жерге туыңды тік» деген асыл сөзі еске түседі», – деді.
Мұнан кейін Бектемір Рахманұлы әкесінің өмірі мен еңбегі, майдан жолындағы көрген мехнаттары туралы сөз етті.
Оның айтуынша, Рахман Жайлыбекұлы 1916 жылы 12 желтоқсанда Бөріойнақ разъезінде дүниеге келген. Үш жасында әкеден, 12 жасында анасынан айрылған жетім бала әкесінің ағасы Сазанбайдың қолында тәрбиеленеді. Он жастан асқанда Жаңақорғандағы қыш мектепке оқуға келеді. Жасынан өмір тауқыметін тартқан жас оқуға аса қабілетті болып 1935 жылы мек­теп бітіре салысымен Қызылордадағы мұ­ға­лімдер даярлайтын училищеге оқуға тү­сіп, оны 1938 жылы үздік бітіріп шығады. Алғашқы еңбек жолын Қосүйеңкідегі бастауыш мектепте бастаған ол, жарты жылдан соң Бірлік жетіжылдық мектебіне ауысады. 1939 жылы Кеңес Одағы әскері қатарына алынып, Финляндиядағы соғысқа қатысты, 1940 жылы Свердловск қаласындағы әскери училищесіне қабылданып, соғыс басталар қарсаңда 1941 жылы офицер атанып «лейтенант» атағын алып шығады. Соғыс басталғаннан кейін Жоғарғы Бас Қолбасшының арнайы бұйрығымен Орта Азия республикаларынан әскер жасақтау комис­сиясының құрамында екі жыл қызмет етіп 1943 жылы Сталинград майданында соғысқа взвод командирі ретінде қатысады. Бірнеше рет жараланады да. Ол дала госпитальдарында емделіп жарақаты жазылған сайын алғы шепке оралып отырған.
1944 жылдың желтоқсанында гвардиялық рота командирі жарақатына байланысты елге қайтарылды. Елге оралысымен №86 мектептің ашылуына қатысып, білім ордасында ұзақ жылдар директор болады.
Саябақтың төріне қойылған ескерткіш тақтаны тарихи тұлғаның қызы Дүйсенкүл және ел ағасы Аманкелді Есей ескерткіш тақтаның лентасын қиды.
Келесі кезекте майдангер туралы шыққан «Әке – асқар тауым» атты естелік кітаптың тұсау­кесер рәсіміне жалғасты. Кітапты әдеби тұрғыда өңдеген журналист Баян Үсейінова кітап туралы мазмұнды әңгіме айтып, біраз құнды мағлұмат берді.
Айта кететіні, мектеп пен ардагерлер үйінде Рахман Көкеевті еске алуға арналған шахмат пен дойбыдан аудандық турнир үздіктерді анықтады.
Клуб фоэсіне ауылшаруашылық өнімдерінің, жеке леген қолөнер шеберлерінің туындылары қойылыпты. Ғалым Махмұтбайұлы кәсіпкер Ұл­серік Иманбаева, Ұлпаш Төлеуованың ауыл шаруашылық өнімдеріне назар аударды. Қос кәсіпкер егін және мал шаруашылығын қатар дамытып, кәсібінің өрісін кеңейтіп келеді. Сон­дай-ақ, оқушылардың қолынан шыққан түрлі қолөнер туындыларымен танысты.
«Жеті қорғанмен қоршалған қала» атты ме­ре­келік шара «Алпамыс» спектаклімен басталды. Ақын Файзулла Сақиевтің 70 жыл­ды­ғына орайластырылған мүшайраның үздіктері марапатталды.
Ауылдық округте соңғы бірнеше жыл көлемінде ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке шындап бет бұрғаны байқалады. Аудан әкімі аудан мен ауыл тұрғындарының алдында тұрған міндеттер жөнінде тоқтала келіп, белсенді азаматтарды марапаттады.
Атап айтқанда аудан әкімінің «Алғыс хатымен» №221 негізгі мектеп директоры Жиренбай Жанасбаев, №208 мектеп директоры Айжан Шерубаева, медициналық бекеттің меңгерушісі Еркін Әміреев, ауылдық округ әкімдігінің жетекші маманы Ұзақбай Жүсіпов мрапатталды. Ал, «Үздік демеуші» номинациясымен «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Мәдихан Бекжанов, «Озат жас кәсіпкер» номинациясымен Қасиет Орал, «Озат жүгері өсіруші» номинациясымен Қасым Әбжаппаров, «Озат өнім өндіруші» номинациясымен Ұлпаш Төлеуова, «Озат картоп өсіруші» номинациясымен Ұлсерік Иманбаева, «Озат мал өсіруші» номинациясы бойынша Ғалымжан Мампаевқа табысталды.
Мерекелік шара мұнан кейін №208 мектепте алғашқы ұстаз Рахман Көкеевке арнап арнайы ашылған бұрыш басында жалғасын тапты. Мұнда Ғалым Әміреев пен Бектемір Көкеев ұлағатты ұстаз туралы айтты. Одан кейін еңбек ардагері Алшынбай Тұртанов пен майдангердің ұлы Бектемір ескерткіш тақтаның лентасын қиды. Одан әрі мектептің акт залында оқушылар биылғы атаулы шараларға байланысты арнауларын оқып, оны ән мен бимен толықтыра түсті.
Мерекелік шара соңында аудан басшысы мектеп стадионында өтіп жатқан шағын фут­бол түрнирінің ашылу салтанатына қа­тысты. Спорттық шараға қатысқан Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Нұрмахан Елтай спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен, шахмат бойынша жаңақорғандық Жасұзақ Аманбаев бірінші орынды иемденсе, екінші орынды жаңарықтық Нұрлан Бөженов, ал үшінші орынды кейдендік Мұхаммеджан Кенжеевқа бұйырды. Дойбыдан қыздар арасын­да өткен додада бірінші жүлдені жаңақорғандық Гүлжазира Қошанова, екінші сатыға кейдендік Жанат Нұрмаханова, үштікті жаңақорғандық Баян Үсенова қорытындылады. Ал, шағын фут­бол жеңімпазы Жаңақорған командасы атанды. Екінші және үшінші орынды Қыркеңсе мен Жаңарық командасы өзара бөлісті. Мұхтар Құтымбек «Үздік ойыншы», Нұрмұхамед Кенже­баев «Үздік қақпашы» атанды.
– Жаңақорған ауданы мен Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған шаралар Кейден ауылдық округінде қорытындыланғаны бізді қуант­ты. Сондықтан, шараға тыңғылықты дайындалдық. Біз мерейтойлық шарада елді ме­кен­нің әлеуметтік-экономикалық деңгейін, кәсіпкерліктің даму бағдарын, тұрғындардың ауыз-біршілігін көрсеткіміз келді. Ойымыз өз деңгейінде атқарылды деп ойлаймын, – деді Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 қараша 2018 ж. 990 0