Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәжілісте еліміздің басты құжаты яғни алдағы 3 жылдың бюджеті қаралып жатыр

Мәжілісте еліміздің басты құжаты яғни алдағы 3 жылдың бюджеті қаралып жатыр

    Мәжілісте еліміздің басты құжаты яғни алдағы 3 жылдың бюджеті қаралып жатыр.

Қазына қаражаты қалай жұмсалады? Қай салаға қанша қаражат бөлінетінін Парламент қабырғасынан бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Назерке Әбдірахманқызынан сұрап білсек. Биыл бюджетке түсетін кіріс пен жұмсалатын шығын қанша болады? - Келер жылдың бюджетін түзген кезде мұнай баррелі қаншадан есептелді? Жоспар іске асады деп сенейік. Бірақ көбіне осы қазынадан бөлінген қаражат..игерілмей қалып жатады. Бұл мәселе қалай шешімін таппақ? Назерке Әбдірахманқызы, тілші: - Басты құжатты талқылау үшін Парламентке Премьер-Министр бастаған Үкімет мүшелері тайлы тұяғы қалмай түгелдей жиналды. Депутаттардың алдында қазынаның әрбір тиынын есептейтін Қаржы министрі мен еліміздің бас экономисі баяндама жасап, алдағы 3 жылдың бюджетін сөз етті. Сонымен, келер жылы бюджет кірісі 6 трлн 810 млрд теңге болады деп көзделіп отыр. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда шамамен 900 млрд теңгеге көп. 2020 жылы кірістер 7 трлн теңгеден асса, 2021 жылы 8 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Ал, шығыс көлемі 2019 жылы 10 трлн 700 млрд теңгеден асып отыр. Оның 327 млрд теңгесі жуырда жарияланған Президенттің халыққа жолдауындағы міндеттерді іске асыруға жұмсалады. Атап айтқанда, орта және шағын бизнеске, төменгі жалақы көлемін  арттыруға және білім беру мекемелерін салып, агроөнеркәсіпті дамыту, жалға берілетін баспаналарды тұрғызу сынды мақсаттарға бағытталмақ.  - Бюджетті түзген кезде мұнадың бір баррелі 60 АҚШ доллары болады деп бағаланды. Осы тұста айта кеткен жөн келер жылы ЖІӨ жан басына шаққанда 3.9% артады деген жоспар бар. Ал инфляция деңгейі 4-6% дәлізінде болады. Бірақ Ұлттық банк төрағасы бұл көрсеткіш 2020-2023 жылдары 3-4% дейін төмендейді деп отыр. - Назерке жоспар іске асады деп сенейік. Бірақ көбіне осы қазынадан бөлінген қаражат игерілмей қалып жатады. Бұл мәселе қалай шешімін таппақ? Айта-айта жауыр болған бұл мәселені депутаттар да көтеріп, Қаржы министрін сұрақ асытна алды. Әлихан Смайылов биыл жыл соңына дейін барлық бөлінген қаражат игеріледі деп сендірді.

24.kz/kz
31 қазан 2018 ж. 922 1

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 22:34
Rxpills Cialis Cialis Oder Levitra Kaufen cialis vs viagra Buy Online Lasix