№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚАЗАҚСТАН: 12 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН: 12 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ


Жыл соңына дейін Қазақстанда 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында жалпы сомасы шамамен 1,1 трлн теңге болатын 100-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Онда 12,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады», - деп атап өтті министр.
Атап айтқанда, 2018 жылға жоспарланған бірқатар маңызды жобалар бар. Олардың арасында Алматыда диаметрі үлкен дәнекерлеуші болат құбырларын өндіретін зауыт құрылысы ескерілген. Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта Павлодар облысында теміржолда қолданылатын доңғалақтар өндіру кешенін іске қосу жоспарда бар. Мұнымен қоса, Қызылорда қаласында жалпақ шыны өндірісі зауытын да 2018 жылы пайдалануға берілмек.
22 тамыз 2018 ж. 1 248 0