№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметтің облыстағы көрсеткіштері

Мемлекеттік қызметтің облыстағы көрсеткіштері


Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы халық мүддесіне қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудан басталады. Алғашқы он бес қадамның әрқайсысының алға қойған міндеттері бар. Елбасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру барысында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде облыста орталық және жергілікті атқарушы органдарда 3582 мемлекеттік қызметші түрлі салаларда жұмыс жасайды. Олардың 3345-сі немесе 93,4 пайызы жоғары білімді мемлекеттік қызметшілер. 29 жасқа дейінгі, яғни, жас мемлекеттік қызметшілердің үлесі 16,4 пайызды құрап отыр.
Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының оқу орталығында 159 қызметкер қайта даярлау курсынан өтсе, 321 қызметкер біліктілігін арттырған.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру мақсатында жыл басынан бері 948 конкурс өткізілді. Олардың ішінде, бос жұмыс орны қалыптасқан мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс - 429 рет, барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс - 145 рет және жалпы конкурс, яғни бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келетін кез-келген азамат құжат тапсыра алатын конкурс - 374 рет жүргізілді.
Жыл басынан бері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған тестілеу бағдарламалары бойынша барлығы 2065 адам тест тапсырып, оның 759 немесе 36,7 пайызы шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды.
Ал, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарға арналған тестілеуге 1444 адам қатысып, оның 738 немесе 51,1 пайызы сынақтан сүрінбей өтті.
Мақпал Абтикерова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің бас маманы
19 қазан 2018 ж. 1 412 0