№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ЖАСАМПАЗ ЖЫЛДАР ЖЫЛНАМАСЫ

ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ЖАСАМПАЗ ЖЫЛДАР ЖЫЛНАМАСЫ


Тоқсан жыл. Осы уақыттағы аудан тарихын бір бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан, тарихқа хатталған елеулі кезеңдерге тоқталсақ. Яғни, ауданның әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени өміріндегі биік бетбұрысты оқиғаларды сараласақ. Сонымен...
Әрине, Жаңақорғанның жеңісті жылдарын ауданның құрылуынан бастау орынды секілді...
1928 жылдың 17 қаңтарында Жаңақорған, Төменарық, Сауран және Өзгент болысының ізімен 13 әкімшілік ауылдан құралған Жаңақорған ауданы ірге көтерді. Осылайша Сығанақ даласында қайнаған тіршілік қайта жаңғырды.
1933 жылдың 1 қыркүйегінен «Қызылмақ­ташы» газеті шыға бастады. Газет 1934 жылы «Екпінді», 1967 жылы «Коммунизм жолы», 1989 жылы «Жаңақорған тынысы» болып өзгертілді. Бүгінде ақпараттық кеңестікте өзіндік орны бар басылым 85 жылдығына абыроймен келді.
1935 жылы Құттықожада «Тау самалы» пионер лагері ашылды.
ХХ ғасырдың басында Жаңақорған мен Төменарықта ғана мектеп болса, 1936 жылы 28-ге жетті. Оның ішінде, 2 жеті жылдық, 26 бастауыш мектеп болды. 1967 жылы ауданда 7 орта, 15 сегізжылдық, 8 бастауыш мектеп болса, 1980 жылы 38-ге (19 орта, 14 сегізжылдық, 5 бастауыш) жетті. Бүгінде 42 білім беру ұйымы жастардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасап келеді.
1936 жылы май зауыты ашылды. Ал, Кейден мен Жетітөбе елді мекенінің арасынан кірпіш зауыты пайдалануға берілді. Оның өнімі Жаңақорғанда салынған мектеп (қазіргі №169 мектеп) құрылысына пайдаланылды. Зауыт өнімін аудандық партия комитетінің, аурухана, банк және Жаңақорған, Төменарық, Бесарық бекетінде астық қабылдау пунктін тұрғызуға да қолданды.
1943 жылы «Сунақата» каналы қазылып, онда 1000 гектардан астам жерге егіс егілді. Соғыс жылдары жұрттың еңбек даласындағы қосқан үлесі еді.
1949 жылы 10 орындық аурухана ашылды. Оны Т.Елекенов деген фельдшер басқарды. Демек, келер жылы 70 жыл болады.
1955 жылы білікті басшы Исатай Топышев басқаратын «Кеңес» колхозы аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болып «миллионер» колхоз атанды.
1957 жылы Төменарық кеңша­рында Шопандар тойын өткізді. Келесі жылдан бастап бұл мерекелік шара жыл сайын Кеңқорық жайлауында өтетін болып белгіленіп 1994 жылға дейін аталып өтіп келді. Араға 21 жыл өткенде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Үсеннің бауында облыс бойынша малшылар мерекесі аталып өтуде.
1961 жылы ауылшаруашылығы мамандарын даярлау мақсатында №187 кәсіптік техникалық училищесі ашылды. Онда бірінші жылы механизаторлар даярланса, кейіннен автокөлік жүргізушілері дайындай бастады. 2013 жылдан Жаңақорған аграрлық техникалық колледжі атанды. Жастар онда кәсіптік білім алып, заманауи мамандықтарды меңгеруде.
1964 жылы аудан орталығынан малшылар балаларына арналған 280 оқушылық типтік жобадағы тұңғыш мектеп-интернат салынып пайдалануға берілді.
1964 жылы КПСС Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес Түгіскен массивін игеру, жаңа шаруашылықтар ашып елді Сырдария өзенінің батыс жағалауына орналастыру қарас­тырылды. Соның нәтижесінде 1964-1974 жылдар аралығында «За­дарья», «Өзгент», «СОПК-нің ХІІІ съезді», «Түгіскен», «Келінтөбе», «СОПК-нің ХХІV» кеңшарлары ашылды.
1970 жылы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір салынды. 2007-2008 жылдар аралығында «Қаз­атом­өнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-ның демеу­шілігімен Сырдария өзеніне ұзындығы 344 метрлік көпір салынды.
1982 жылы Бесарық ауылдық округі жерінен «Бесарық» су қоймасы.
1984 жылы Жайылма ауылдық округ­інің жерінен «Жиделі» су қоймасы пайдалануға берілді.
P.S.: Әрине, аудандағы елеулі оқиғаның бәрін қамтып шығу мүмкін емес. Сондықтан, алдағы уақытта жасампас жылдар жылнамасын жал­ғас­тыратын боламыз. Ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мархабат...
06 қазан 2018 ж. 1 265 0