№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМ ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫН ТЫҢДАДЫ

ӘКІМ ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫН ТЫҢДАДЫ


Жуырда аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғалым Әміреевтің кезекті қабылдауында тұрғындардың талабы тыңдалып, мәселесі қаралды.
Қабылдауға келген өңір тұрғындарының басым бөлігі ирандық камин газ жылыту пештерінің талапқа сай еместігін, камин пешке рұқсат жоқтығының өткен жылы ескерілмегендігін айтса, енді бірі жұмыссыздық мәселесін айтып, асыраушысы жоқ көп балалы аналар әлеуметтік көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді.
Қабылдауға келген Нұржамал Талапова, Гүлжаһан Оспанова, Феруза Құтжолова өткен жылы ирандық камин пешті орнатқанын, ал, биыл ол пешті пайдалануға рұқсат жоқтығын, осыған байланысты тұрғын үйлеріне паравой жүргізуіне жәрдем беруін сұрады.
– Өткен жылы үйге газ құбырын кіргізіп, камин пеш орнатқан болатынбыз. Биыл ол пешті пайдалануға рұқсат болмай отыр. Кәмелетке толмаған алты балам бар. Үлкен қызымның мүмкіндігі шектеулі. Үйге паравой орнатуға мүмкіндігім жоқ. Сонымен қоса, осы алты балама ешқандай әлеуметтік көмек алмаймын. Мүмкіндік болса осы тұрғыда көмектессеңіз, – деді Жеңіс көшесінің тұрғыны Гүлжахан Оспанова.
Сунақ ата ауылының тұрғыны Орынша Қыпшақбаева кәсібін одан әрі өрлету үшін жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады.
– Мен 40 жылдан аса тігін саласында еңбек етіп келемін. Қызым екеуміз текемет басып, тұрмысқа қажетті бұйымдарды тігеміз. Енді кәсібімді ұлғайту үшін несие керек болып отыр. Және жақында ауыл әкімінің ықпалымен ескі медициналық ғимаратты алдым. Енді сол ғимаратты жекешелендіру үшін құжаттарын рәсімдеуге көмек берсеңіз, – деді сунақаталық кәсіпкер.
Ал, кент тұрғыны Жанар Нәрзілдаева мен Тамара Ибрагимова отбасы жағдайының төмендігін айтып, әлеуметтік көмек сұраса, Ержігіт Қыдырбаев дипломы бар қос ұлының жұмыссыз отырғанын айтты.
Аудан басшысы айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек беретінін жеткізіп, азаматтарды еңбекпен қамтамасыз етуді құзырлы орындарға тапсырды.
Айта кетейік, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров осыдан 4 жыл бұрын Сейтпенбетов көшесінің тұрғыны Феруза Құтжолованың баспаналы болуына бастамашыл болған екен. Енді ол тұрғынның үйіне жылу жүйесін жүргізіп, газ пешін орнатып беруді де өз мойнына алды.

Айсұлу АЖАНХАНҚЫЗЫ.
29 қыркүйек 2018 ж. 902 0