№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БІР АУЫЛ – БІР КӘСІП

БІР АУЫЛ – БІР КӘСІП


Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ғалым Әміреев журналистерге брифинг берді. Онда ауданның бірінші жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық саласының дамуы, тиімді әрі тың бастамалар мен алдағы міндеттер жайлы білдік.
Сыр өңірінде Жаңақорған перспективалы әрі позитивті аудан санатында. Оны демографиялық көрсеткіштерінен-ақ бағамдауға болады. Мәселен, 2013 жылы 79743 адам болса, 2015 жылы 82644-ке, 2017 жылы 84056-ға жетті.
Жалпы, соңғы жылдары ауданда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Оған жергілікті билік шағын және орта бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы ықпал етуде. Екінші жағынан аудан тұрғындары нарықтық қатынастарды жақсы меңгеруі салаға серпін берді. Үшіншіден, ауданның географиялық тұрғыда ыңғайлы орналасуы мен инфрақұрылымдық мәселелердің оң шешім табуының әсері бар. Оны санмен сөйлетсек, тіркелген кәсіпкерлік субъектісі 3753-і құрайды. Оның ішінде, 254 заңды тұлға, 1327 шаруа қожалығы, 2172 жеке кәсіпкер. Белсенді субъектілер саны – 3575 бірлікті, ал, жұмыспен қамтылған адамдар саны – 9235 адамды құрайды. Бұл – облыстағы ең жоғары көрсеткіш. Енді «Бір ауыл – бір кәсіп» жобасы аясында кәсіпкерлікті дамыту жалғасын таппақ.
– «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 250 жоба бойынша несие алуға жұмыстар жасалуда. Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 92 адам оқып, біліктілігін арттырды. «Бизнес-кеңесші» жобасына 129 адам қатысты.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалы ұсынысымен 221 жобаны несиелендіру үшін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС ұсынылды. Оның 86 жобасы мақұлданып, ішінара қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде, – деді аудан әкімі.
Оның сөзінше, 176 млн теңгенің 59 жобасы бойынша несие алынған. Сондай-ақ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 51, «Агро Бизнес – 2020» бағдарламасымен бес жоба қаржыландырылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 144 млн. теңге болатын 6 жоба іске қосылды.
«Бизнестің жол қартасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 40,0 млн. теңге болатын екі жоба несие алды. Одан бөлек бес жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктерде қаралып жатыр.
«Бизнестің жол қартасы 2020» бағдарламасы аясында 75 жобаға мемлекеттік гранттар алуға өтініш берілді. Оның 19-ы қолдау тауып, 21 млн. теңге көлемінде қаржы алды.
Алдағы уақытта «Барыс-4» шаруа қожалығының 120,0 млн. теңге құрайтын мал бордақылау жобасын «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы», Ұлттық Компаниясы» АҚ-мен бірлесе іске асыру жоспарланып отыр.
Ауданда қарқын алған саланың бірі – құрылыс саласы. Тұрғын үй құрылысымен қатар әлеуметтік маңызды нысандар көптеп бой көтеруде. Екпінді, Жаңарық және Қожамберді ауылдық округінің әкімшілік ғимаратын айтуға болады.
– Жаңақорған кенті Саяжай аумағынан 600 орындық, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық, Ипподром аумағынан 300 орындық мектеп, Н.Илялетдинов атындағы №169 мектептің 600 орындық ғимаратынының құрылысына жоба­лау-сметалық құжаттарын «Проммедконтракт» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, Ипподром аумағында 140 орындық балабақша, Бірлік ауылдық округінде 90 орындық балабақша бой көтеретін болады, – деді аудан басшысы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынд­а: «Жаңадан ашылған жұмыс орын­дарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдердің қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ», деді. Әкімдердің тұрғындарды жұмыспен қамтуы нақты көрсеткіш екенін қадап айтты. Осыны ескерген аудан менеджері жұмыспен қамтуды күн тәртібінен түсірмей келеді.
Биыл 3959 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, қазір 2069 адамға орындалды. Жұмыспен қамту орталығына 1914 тұрғын жұмыс іздеп хабарласты. Қазір соның 98 пайызы жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, тұрақты жұмыспен – 788 адам қамтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмысқа – 94, жастар практикасына – 192, қоғамдық жұмысқа – 457 адам тартылды.
Жыл басында 850 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 427 жаңа жұмыс орындары құрылды.
2017 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашығы саласы бойынша облыста «Үздік аудан» аталған-тұғын. Тұғырдың биігінен төмендемеу үшін еңбеккерлер көктем шығысымен дала жұмысына кірісті.
Дегенмен, Сырдарияда судың мөлшері жылдағыдан аз болуы, ауа-райының қолайсыздығы егін-жайдың өнімділігіне әсер етпей қоймайтыны белгілі.
– Егін көлемі 36246 гектарға межеленсе, оны 778,4 гектарға артық орындады. Күріш – 7700 гектар, күздік бидай – 2700 гектар, жаздық бидай – 178 гектар, арпа – 127 гектар, тары – 528 гектар, мақсары – 3961 гектар, күнбағыс – 21 гектар, дәндік жүгері – 878 гектарды қамтыды. Сондай-ақ, 606 гектар картоп, 684 гектар көкөніс, 1720 гектар бақша дақылдары егілді.
Ауданның негізгі егіншілігі – күріш шаруашылығы. Өткен жылы өнімділігі жоғары тұқымдар аудандастырылған еді. Бұл жұмыстар жалғасуда. Биыл 1000 тонна «Лидер», 40 тонна «Фаворит» және 10 тонна «Анайт» сорттары себілді, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Аудан басшысының бастамасымен Қандөз, Қаратөбе, Ақүйік, Сүттіқұдық, Төменарық ауылдық округінде агро-индустриялық аймақтар құрылды. Тәжірибе алдағы уақытта жалғасын тауып, тұрғындар агроиндустрия кластерлерін дамытуға атсалысатын болады.
Ауданда пилоттық жоба негізінде үйрек шаруашылығын дамытуды Ақүйік ауылдық округіндегі «Қаратау-Ақүйік» АӨК қолға алды. Кооперативтің төрт мүшесі «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы төмен пайызды несие алып, үйрек шаруашылығын дамытуда.
Жайылма ауылдық округінен Қайрат Әлменов 3 млн. теңге несиеге 1000 бас үйрек алып, өз кәсібін жандандыруда.
Ауданда мемлекеттік жастар саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар көп. Бір ғана мысал, кәсіпкерлікке ниетті жастарды тартуға бағытталған «Zhas Project» жобасына жаңақорғандық жастар белсенді қатысты. Жобаға 150 ден астам креативті ұсыныс түсті.
– Осы жоба бойынша 15 ауылдық округке арнайы барып, жастармен жүздестім. Жастармен еркін диалогқа түсіп, жобаның мақсат-мұратын түсіндірдім. Әр ауылдың ерекшелігіне қарай жобаларды ауыл жастарымен, кәсіпкерлермен талқыладық және ұсыныстарын алдық. Нәтижесінде 69 жоба жеңімпаз атанды. Бұл – Қызылорда қаласынан кейінгі көрсеткіш, – деді әкім.
Брифинг соныңда Жаңақорған ауданының 90 жылдығы аталып өтетіндігін айтып, мерейтойды ақпараттандыруда аймақ журналистерін белсенділік танытуға шақырды.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
08 қыркүйек 2018 ж. 942 0