Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Астанада шетелдік елшінің қалтасындағы әмиянын ұрлап кетті

Астанада шетелдік елшінің қалтасындағы әмиянын ұрлап кетті


Елордалық полицейлер Қазақстандағы шетелдік елшінің қалтасынан әмиянын ұрлап кеткен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ұрлық Астана  қаласындағы «Керуен» сауда-ойын сауық орталында болды.Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев бүгін өткен брифинг барасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі bnews.kz-ке сілтеп.
Садубаевтың айтуынша, ұрлық жасаған әйел бұрын сотталған.
«Астана қалалық ІІД-нің қылмыстық полициясы бұрын сотталған Алматы облысының тұрғынын қамауға алды. Ол 17 тамызда« Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында қызмет бабы бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік елшінің күртешесінің қалтасынан әмиянын ұрлап кетті», – деді Алмас Садубаев.
Сондай-ақ, ол брифинг барысында Қостанай облысы ІІБ-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің Рудный қаласында бұрын сотталған жергілікті тұрғынды қамауға алғаны айтылды. Садубаевтың сөзінше, оның тұрғылықты жерінен РПГ-22 граната қондырғысы табылды.

23 тамыз 2018 ж. 1 206 0