№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас шаһарда дау тудырған жарнама баннерінің авторы ұсталды

Бас шаһарда дау тудырған жарнама баннерінің авторы ұсталды


Астана полициясы «Arman Deluxe» элиталы тұрғын үй кешенінің қоршауына дау тудырған жарнама баннерін орнатқан қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы Астана ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.Дау тудырған баннерде «Біз өзімізді жоғары санаттағы адам ретінде санағандықтан, қоршаумен қоршап алдық, ал қаздар доңыздарға көрші емес» деген жазба жазылған.
Бұл баннердің видеосы Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. Ролик авторы онда оқиғаның қалай өрбігенін айтып өтті. Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің алдына жаяу жүргіншілердің жолын жапқан ұзын темір қоршау орнатылған. Ал, қарама-қарсы бетте орналасқан жатақхана тұрғындары ең құрығанда кішкене қақпа жасап қоюларын өтінген. Бірақ, тұрғындардың өтінішіне  ешкім құлақ түрмеген.
Ал, оған жауап ретінде көрші үйдің тұрғыны қоршауға осы дау тудырған жазбаны орнатқан.
«Елордалық полицейлер “әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұдан бөлек, полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу кезінде баннерді түсіріп, таратқан жергілікті тұрғыннің аты-жөнін анықталды. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

24 шілде 2018 ж. 869 0