«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ: АУДАНДАҒЫ ҚАРЫМДЫ ҚЫЗМЕТ

ЦИФРЛАНДЫРУ: АУДАНДАҒЫ ҚАРЫМДЫ ҚЫЗМЕТ


Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында:

"Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты."- деген болатын.

Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру
барысында бағдарламаның 88 тармағы шеңберінде ең әуелі халықтың цифрлық сауаттылығы көтеріліп, интернет пайдаланушылардың саны еселеп көбейту мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша кешенді іс-шаралар, яғни Электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды, оны пайдалануды үйрету жұмыстары басталып кетті. Іс-шара аясында аудан тұрғындары арасынан 4940 азаматты төрт бағытта оқыту көзделген.
Бірінші негізгі цифрлық дағдыларды қалыптастыру бағыты  бойынша 1272 азамат, екінші бағыт  - «Электронды үкімет» порталымен жұмыс бағытында 1450 азамат, үшінші «Ашық үкімет» порталына үйрету бағытында 2018 азамат және соңғы бағыт, «e-commerce» бойынша 200 азаматты оқытумен қамту жоспарланған.
         Үстіміздегі жылдың 23 мамырынан бастап барлық елді мекендердегі аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары, яғни 42 орта мектепте және аудандық Аграрлы-техникалық колледж базасында оқытулар жүріп жатыр. Цифрлық сауаттылық дағдыларына үйретуді тиісті семинарда оқыту курсынан өтіп келген мектеп бағдарламашылары жүргізіп келеді. Айта кету керек, порталдағы барлық бағыттар бойынша консультациялық және әдістемелік көмек беруде ерекше ат салысуда.
         Білім беру мекемелерінде негізгі цифрлық дағдыларға және «Ашық үкімет» порталымен жұмыс жасауды оқытып, бүгінгі күнге бірінші бағыт бойынша оқытуларды толығымен аяқтады. Колледж дәріскерлері де негізгі цифрлық дағдыларға және «Электронды үкімет» порталымен жұмыс жасауды үйретуді қолға алып, бүгінгі таңға 694 азаматты оқытты.
         Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімінің қызметкерлері екінші бағыт бойынша оқытулар ұйымдастыруда. Бөлім инспекторлары аудандағы мекеме ұжымдарын, сондай-ақ, тікелей орталыққа барған азаматтарды «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» көмегімен Электронды үкімет порталының жұмысы, оның қажеттілігі мен өзектілігі жайлы жан-жақты түсіндіру жұмыстары аясында 700-ден астам азаматты қамтыған. Аталған жұмыстар қарқынды жалғасын табуда.
         Аудан тұрғындарын аталмыш шарадан тыс қалмай, электронды қызмет алу бағытында заман талабына сай игіліктерді меңгеруге шақыра отырып, түйінді Елбасымыздың сөзімен жеткізгім келеді.
Өткен жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде мемлекеттің "Цифрлы Қазақстан" аясында трансформацияға қаншалықты дайын екендігі туралы сұраққа былай деген:
"Шынымен бұл өте көкейтесті мәселе. Біз кезінде нарықтық экономиканы да түсінген жоқпыз ғой, инфляция, девальвация, кредит дегеннің не екенін білмедік. Кеңестік кезеңде ондай болған жоқ қой. Уақыт өте мұны да ұғынып, түсіндік.  Енді цифрландыруға көшкелі отырмыз. Мен өткен жылы үшінші жаңғыру туралы айтқан едім, ал қазір индустрияландыру 4.0. Индустрияландыру 4.0 – бұл бүгінгі бренд, біз ілесіп жүруге тиіс жаңа бағыт. Мұнда қорқатын ештеңе жоқ. Азаматтарға қарапайым тілмен түсіндіру керек. Бізде электронды үкімет бар, халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Оның көмегімен азаматтар шенеуніктермен бетпе-бет жүздеспей-ақ, өзіне қажетті ақпарат алады. ( https://sputniknews.kz/society/20171225/4132123.html сайтынан алынған)
         Олай болса, аудан тұрғындары электронды қызмет алу тиімділігін дер кезінде ескеріп меңгеруі тиіс-ақ. Осы ретте, уақыт талабына сай жаңғырып, қажетті қызметті сапалы алуда электронды үкіметтің бәсін биіктетуіміз керек.
Шайдаров Ерболат Нұржанұлы
Жаңақорған аудандық ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің маманы
26 маусым 2018 ж. 1 056 0