ТІРКЕЛГЕН АКТИВТЕРДІҢ ШЫҒЫП ҚАЛУЫНАН ТҮСЕТІН КІРІС
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде негізгі құралдар мен басқа да тіркелген активтерді сату, есептен шығару немесе өзге де себептермен иеліктен шығару жағдайлары кездеседі. Мұндай операциялардың салықтық салдарын дұрыс анықтау маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 244-бабында тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін кірісті айқындау тәртібі белгіленген.
Тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде олардың құны, салықтық кезеңнің басындағы тиісті топтың құндық балансы және кейінгі шығыстар ескеріледі. Нәтижесінде активтердің шығып қалуынан кіріс немесе залал туындауы мүмкін. Бұл ретте активтердің әрбір тобы бойынша есеп жүргізу және олардың қозғалысын растайтын құжаттарды сақтау қажет. Активті сату немесе есептен шығару кезінде мәміленің нақты сипаты мен құжаттық негізі ескеріледі. Кәсіпорындар тіркелген активтерге қатысты операцияларды салықтық есепке алуда дұрыс көрсетіп, салықтық міндеттемелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындауы тиіс. Тіркелген активтердің қозғалысын жүйелі бақылау салықтық есептіліктің сапасын арттырып, есеп жүргізу кезіндегі қателіктердің алдын алады.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Махан Руслан Дастанұлы
