ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Орталық» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттер мен басым бағыттарды талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті.
Жиын барысында Орталық бастауыш партия ұйымының төрайымы Алма Мамирова сөз сөйлеп, Жолдауда көтерілген маңызды бастамаларға кеңінен тоқталды. Әсіресе, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу және әр азаматтың ортақ іске қосар үлесі жөніндегі бағыттарға назар аударды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өрбіп, қатысушылар ел дамуына қатысты ойларын ортаға салды. Мұндай басқосулар Жолдаудағы міндеттердің мәнін терең түсініп қана қоймай, оны жүзеге асырудағы әр азаматтың жауапкершілігін сезінуге жол ашады.
Ел болашағы – бәрімізге ортақ. Ал ортақ мақсатқа жұмылған іс қашанда нәтижелі болмақ!




