СЕНІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨРІНІСІ

Бүгін «Жаңақорған санаториясы»бастауыш партия ұйымымен мазмұнды кездесу өтті. Бұл жиын – ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Кездесуге Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі Амитов Нуридин Егембердiұлы және Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі Маликова Ақмарал қатысып, еркін форматта пікір алмасты. Жиын барысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстар, әлеуметтік саланың өзекті мәселелері және алдағы жоспарлар кеңінен сөз болды.
Әсіресе, өңірдегі денсаулық сақтау, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, олардың нақты нәтижелері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, әрбір көтерілген мәселе назарға алынды.
Кездесу барысында қатысушылар сұрақтарын ашық қойып, ойларын ортаға салды. Ашық әңгіме алаңында айтылған әрбір ұсыныс пен пікір – алдағы жұмыстардың нақты бағытын айқындайтын маңызды фактор екені атап өтілді.
Депутаттар халықпен тұрақты кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі екенін жеткізіп, көтерілген мәселелер заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті. Сонымен қатар, ел сенімін ақтау жолында жүйелі жұмыс жалғасатынына сенім білдірді.
Бұл кездесу – билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған нақты қадам. Ашықтық пен сенімге негізделген мұндай жүздесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
#AMANAT




