«Есірткісіз болашақ:қоғам үні»
Есірткі - адам өмірі мен ағзасына өте зиянды. Ол адамға ляззат сыйлағанымен өте қауіпті, улы зат. Есірткі қолдану қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.
Есірткі – бұл жалған рахат пен шынайы өлімнің арасындағы көпір.Бір сәттік ләззат үшін өміріңді және денсаулығыңды құрбан етуге болмайды. Шынайы бақыт – денсаулықта және болашаққа деген үмітте.
Есірткінің адам ағзасына зияны көп. Ол жүйке жүйесін зақымдап, түрлі ауруларға алып келеді. Есірткі адам ағзасында мидың, жүйке жүйенің, бүйректің, өкпенің, жүрек пен қан тамырларының зақымдалуына алып келеді.
Нашақордың орташа өмір сүру ұзақтығы есірткіге тәуелді болған сәттен бастап 5-7 жылдан аспайды.Бұл статистика есірткіге бір рет тәуелді болған адам үшін өмірінің қысқарып, денсаулығының тез бұзылатынын көрсетеді. Сондықтан бұл мәселеге ерте араласу өте маңызды.
Есірткіге тәуелділік суицидке бейімділікке,қылмысқа, түрлі ауруларға алып келеді.
Есірткі құрамында - улы еріткіштер мен қоспалар, амфетамин, метамфетамин, кокаин, синтетикалық химиялық қоспалар болады.
Есірткі адам ағзасын іштей жойып, өлімге әкелетін ауруларға себеп. Бұл тек бір адамға емес, бүкіл қоғамға да зиянын тигізеді.
Есірткінің салдары тек ағза емес, мінез-құлыққа да әсер етеді. Ол адамның мінезін өзгертіп, жақындарымен қатынасын бұзады. Көп жағдайда есірткіге тәуелді адамдар қылмысқа барып, қоғамнан шеттетіледі.
«Есірткіге жол жоқ!» деп айту әрбір саналы азаматтың міндеті.
Әрқайсымыз өзіміздің және жақындарымыздың өмірін қорғау үшін бұл ұранды насихаттауға тиіспіз. Қоғамның болашағы – әр адамның жауапкершілігінде.
Қорытындылай келе, есірткі - адам денсаулығына да, өмірінеде қауіпті зат. Есірткіге тәуелділік адамның болашағына әсер етіп, отбасын бұзып, қоғамға зиянын тигізеді. Сондықтан әр адам салауатты өмір салтын таңдап, есірткіден аулақ болуы тиіс.
Денсаулық-ең үлкен байлық!
Әбдіғаппар Айзере
Жаңақорған ауданы
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебі



