№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады



11-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, апта соңында еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон келеді
.
Соның әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде ауа райы салқындайды. Десе де жауын-шашын күтілмейді дейді синоптиктер. Республиканың батысында ауа температурасы түнде -1 градусқа дейін суытады. Ал күндіз 15-27 градустан 20-30 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3 +13 градустан -1 градусқа дейін суытады. Ал күндізгі уақытта 12-23 градус жылы болады деп күтілуде. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР "Адам ұшыратындай": Нұр-Сұлтанды шаңды дауыл басты Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде +3+13 градустан -3 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 10-20 градус жылы болмақ. Шығыста түнде +5+13 градустан сынап бағанасы -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 17-25 градус жылы болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 19-28 градус жылы болады деп күтілуде.
10 қыркүйек 2021 ж. 474 0