№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ



Бүгін Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығында «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы өтті. Маңызды саяси жиынға Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, партия ардагерлері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, партияның алдағы жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Конференцияны аудандық филиал төрағасы Арман Әбілпейісұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Ол партия жұмысының негізгі өзегі – халықтың үніне құлақ асып, ел мүддесін қорғау, қоғамның көкейіндегі мәселелерді нақты ұсыныстар мен нәтижелі істерге айналдыру екенін атап өтті.
Күн тәртібінде үш маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қызылорда облысы бойынша партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасына ұсыныстар енгізу және сайлаушылардың аманаттарын жинақтау, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну, сондай-ақ облыстық филиалдың кезектен тыс ІІІ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық филиал Саяси кеңесінің мүшесі Нұрмұхасан Досмұқасанұлы баяндама жасап, өңірлік сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруда халықтың ұсыныс-тілектерін ескеру мен ел аманатына адалдық танытудың маңызына тоқталды.
Жиында депутаттыққа ұсынылған кандидаттармен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, олардың азаматтық ұстанымы, қоғамдық жауапкершілігі және ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси әрі рухани-мәдени дамуына қосар үлесі назарға алынды. Сонымен қатар облыстық конференцияға қатысатын делегаттарды сайлау мәселесі қаралды.
Конференция – тек ұйымдастырушылық жиын емес, ол партияның бағыт-бағдарын айқындап, халық алдындағы жауапкершілігін бекемдейтін маңызды алаң. Әрбір ұсыныс пен қабылданған шешімнің түпкі мақсаты – ел сенімін ақтау, азаматтардың талап-тілегін ескеру және өңірдің өркендеуіне үлес қосу.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, делегаттардың бірауыздан қолдауымен тиісті шешімдер қабылданды.
«Әділет» партиясы үшін басты бағдар – халық мүддесі, басты міндет – әділетті қоғам қалыптастыру жолында нақты істермен көріну!
22 қазан 2026 ж. 38 0