Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

"AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ


Бүгін "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы, аудандық маслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері және партия белсенділері қатысты.
Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес партия филиалының төрағасы Арман Мажитов: “AMANAT” партиясының қоғамдағы жетекші саяси күш ретіндегі жауапкершілігін атап өтіп, "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Жайылма және Екпінді ауылдық округі әкімдерінің атқарылған жұмыстарының есептері тыңдалды.
Жиын соңында партия белсендісі, "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Берділлаев Бақыт Бексұлтанұлы "AMANAT" партиясының "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісімен және Республикалық «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Taza Qazaqstan» экологиялық road-эстафетасының Жаңақорған ауданында өтуіне белсенді атсалысқан азаматтарды Алғыс хаттарымен марапатталды.
Конференция жұмысын "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы, Арман Мажитов қорытындылады.
29 қазан 2025 ж. 649 0