АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында партия филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы өтті. Конференция күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда аудандық партия филиалының Саяси кеңесі мүшесінің құрамына өзгерістер енгізу мен «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар сайлау. Жиынды аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы ашып, жүргізіп отырды.
Партияның аудандық филиалының конференция жұмысына бастауыш партия ұйымының жетекшілері, партия белсенділері, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер делегаттар тарапынан ашық дауыс беру нәтижесімен қолдау тапты.
Конференцияны қорытындылаған аудандық мәслихат төрағасы Галымжан Сопбеков «Партияның саяси тұғырнамасы болашақтағы бағыт пен даму бағдарларын, қағидаларын қамтиды. Ол бізді Жаңа Қазақстанды құруға тағы бір қадам жақындатады», – деп атап өтті.
Жалпы конференцияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
#AMANAT