Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ


Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы бағыттағы “Заң мен тәртіп” және “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының облыстық іс-шаралар жоспары аясында бүгін Қазалы ауданында «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз қоғам – жарқын болашақ» тақырыбында форум өтті.
Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде ұйымдастырылған жиынға Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен ата-аналар қатысты.
Форум аясында қатысушыларға «Таза Қазақстан» экологиялық бастамалары, қоғамдық тәртіпті сақтау, кадет сыныптары мен «Жас сақшы» полиция сыныбының қызметі, «Мектеп театры» жобасы және «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының жұмыстары таныстырылды.
Форумның кеңейтілген отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Басқарма басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылыққа ықпал ететін факторларды ерте анықтау, тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізу және білім беру ұйымдары, ата-аналар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты күшейту бағытындағы шараларды жандандырудың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар, форум барысында құқық қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдері құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша баяндамалар жасап, салааралық өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, профилактикалық шараларды күшейту, балаларға көрсетілетін психологиялық және медициналық көмектің сапасын арттыру, сондай-ақ ата-аналармен жұмысты жүйелеу мәселелері бойынша нақты міндеттер айқындалды.
Аталған іс-шаралар жоспары аясындағы жұмыстар алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында жалғасады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын күшейту, балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және әрбір баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмысты қамтамасыз ету.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
21 қазан 2026 ж. 39 0