№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АДАЛ ҰРПАҚ. САНАЛЫ ЖАСӨСПІРІМ. КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК.

АДАЛ ҰРПАҚ. САНАЛЫ ЖАСӨСПІРІМ. КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК.


Бүгін Жаңақорғанда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен «Адал ұрпақ. Саналы жасөспірім. Кемел келешек» тақырыбында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Кеңейтілген мәжілісте аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрсұлтан Әлтай, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Есенбаев балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтар, олардың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар туралы хабарлама жасады.

Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов барлық жауапты мекемелерге оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап ата-аналармен тығыз байланыста болу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Өз кезегінде мәжіліске қатысушылар тарапынан ұсініс-пікірлер айтылып, нақты жауаптар берілді.

Кеңейтілген мәжіліске облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов, облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Шәріпбеков, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, құқық қорғау органдары мен білім қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, имамдар және қоғамдық кеңес төрағалары мен әйелдер кеңесінің төрайымдары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
29 мамыр 2024 ж. 155 0