Соңғы жаңалықтар

№5 (8919) 21

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (8918) 17

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » АУДАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

АУДАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ



Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық прокуратураның бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кеңейтілген мәжіліс өтті.
Күн тәртібінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылық профилактикасы бойынша 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылы атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Жиынға аудан әкімі Мажит Самитов, аудан прокуроры Бахытхан Бөлеулиев, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, аудан әкімінің орынбасарлары, білім бөлімі мен құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ардагерлер, мектеп директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жиында аудан әкімі Мажит Самитұлы алғы сөз сөйлеп, қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бағытында өткізіліп жатқан мәжілістің маңыздылығын атап өтті.
-“Президентіміз: «Тәртіп – жалпыға ортақ құндылық, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуы тиіс» – деп атап өтті.
Қоғамда заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру, балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Алдымызда ұрпақ тәрбиесіне қатысты ауқымды міндеттер тұр.
Бірлесе әрекет етсек – жүгіміз жеңіл, ісіміз берекелі, нәтижеміз нық болары анық.
Осы бағытта бүгінгі ұйымдастырылып отырған мәжілістің маңызы зор деп санаймын.” - деді аудан басшысы.

Мәжілісте аудандық прокуратураның аға прокуроры Сапарбек Нұрхожа, аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Ибраев, аудандық білім бөлімінің басшысы Нариман Жахудаев бұл бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сонымен қатар еңбек ардагері Төребай Сапарбаев пен аудандық мәслихат депутаты Азатбек Юнусов мәселеге қатысты өз ой - пікірлері мен ұсыныстарын жеткізіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Мәжілісті қорытындылаған аудан прокуроры қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, аудан прокуратурасы тарапынан ұсынылған кешенді іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, кент және ауылдық округтер бойынша жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен жоғарғы сынып оқушыларымен беделді тұлғалардың қатысуымен арнайы жиын өткізіп, педагог-психологтарға семинар - тренингтер өткізу және өзге де өзекті мәселелер жөнінде келелі ұсыныстар көтеріп, бұл бағытта нақты әрі тиімді іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынды.
23 қаңтар 2026 ж. 135 0