Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 100

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ


«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ олардың құқықтық және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында «Болашақ» университетінің «Bolashak Hall» студенттер сарайында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев
Серік Әбдімәуленұлы , Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаукеев Ердаулет Баянбайұлы, облыс прокурорының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға көмекшісі Байкенже Дінахмет Алмасбекұлы, Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы, «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы, Полиция департаменті облыстық Профилактикалық кеңесінің мүшесі, блогер, контент-мейкер Балтақожа Олжас Айтқожаұлы, Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Баянова Жумагүл Тасболатқызы және өзгеде Полиция департаментінің сала басшылары қатысты.
Жиынға университеттер мен колледждерден 1200-ге жуық студент қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіп құндылықтарыннасихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың, есірткі қылмысының және интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастырудағы жастардың жауапкершілігін түсіндіру.
Жиында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы сөз сөйлеп, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық схемалар, жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдері туралы түсіндірді.
Сондай-ақ дроппер ретінде заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін көзделетін қылмыстық жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, банктік карталарды, шоттарды немесе электрондық әмияндарды үшінші тұлғаларға беру секілді әрекеттердің құқықтық салдары түсіндірілді. Мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екені ескертілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, кибералаяқтыққа тап болған жағдайда не істеу керек, құқық бұзушылықтың куәсі болған кезде қайда хабарласу қажет және жастардың заң алдындағы жауапкершілігі қандай деген сауалдар талқыланды.
Іс-шара соңында жастар заңды құрметтеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, есірткіден аулақ болу және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосу жөніндегі ортақ ұстанымдарын білдірді.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатынарттырып, заңға құрметін қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздікке деген жеке жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.
16 қыркүйек 2026 ж. 76 0