№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бүгін – Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні

Бүгін – Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні


19 қазан – Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні. Биыл Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен батырдың туғанына 102 жыл толды, деп хабарлайды
turkystan.kz.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взводты басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі шайқастарға қатысты.

Лейтенант Р. Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Г. Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туын тікті.

Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқарушы комитетінің нұсқаушысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармасының инспекторы. 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметін атқарған.

Қызыл Ту, І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталған.

коллаж: turkystan.kz
19 қазан 2026 ж. 50 0